Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.
Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы кӛсемшілік қоғам.
Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.
Тӛртінші саты - неолиттік революция.
Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы. Алтыншы саты - аграрлық қоғам.
Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.
ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Қоғамның кӛптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі ӛндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бӛлуде 60-жылдары жаңа кӛзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі, индустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қвземттерді атқарады: материалдық игіліктерді ӛндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді ӛндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек ӛнімдерін бӛлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару.
Табиғат және қоғам,олардың өзара қарым-қатынасы.
Қоғам ұғымына анықтама бермес бұрын “табиғат”, “қоғам” деген жалпы ұғымдардың мазмұнын, арақатынасын қарастырып алған жөн.
Қоғам-табиғаттың құрамдас бір бөлігі дедік. Сонымен бірге табиғатпен тепе-тең нәрсе ретінде қарауға болмайтынын да ескеру керек:бірінші жағдайда “табиғат” ұғымының шегіне жетсек аса кең мағынада алып,адам ой-санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін объективтік шындықты, бүкіл дүниені білдіру тұрғысында қолданамыз.Бұл тұрғыдан қарағанда, қоғам-табиғаттың бір бөлігі болады. Ал екінші мағынадан алғанда, “табиғат” әлдеқайда тар мағынада қарастырылып, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесін білдіру үшін қолданылады.
Белгілі югословиялық социолог Д.Маркович мынандай анықтаманы ұсынады:адам дегеніміз “өзінің табиғатқа деген жасампаздық қатынасында өзін еркін,әрекетшіл өзін басқа адамдармен бірігіп әрекет етіп,өзінің биологиялық және әлеуметтік болмысын қамтамасыз ететін субъект ретінде көрсететін қоғамдық жануар”