- адамның үнемі белсенділік көрсетуі, қозғалмалылығы;
- тұлғаға және оның дамуына бағытталғандық;
- шығармашылық элементтерінің міндеттілігі;
- өзара байланыс: ынтымақтастық, өзара көмек, жәрдем.
Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» - грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» дегенді білдіреді.) – зерттеу объектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.