Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданатын жүйені құрастыру
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта домалақтарын, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.
Достарыңызбен бөлісу: |