Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту Мақсаты



бет28/35
Дата28.01.2022
өлшемі72,83 Kb.
#115271
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
Ж??палы? ?ауіпсіздік ?олды ?леуметтік де?гейде тазарту Ма?саты

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

  • бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

  • санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

  • иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

  1. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.

  2. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

  3. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек.

  4. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).

  5. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  6. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

  7. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

  8. Тері антисептигіне суландырылған екі мақта домалақтарын инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта домалағын сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

  10. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.

  11. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.

  12. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Тері антисептигіне суландырған мақта домалағын инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  14. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

  15. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

  16. Қолданылған шприцтерді, мақта домалақтарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;

  • майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

  • инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

  • майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет