III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.
Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.
Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.
Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.
Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.
автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут
ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут
Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.
Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.
Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.
Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |