Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына /Бикске салу/
Мақсаты: автоклавта зарарсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.
Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.
Достарыңызбен бөлісу: |