ЖұҚпалы аурулар туралы жалпы түсінік. «Инфекция» латын тілінен аударғанда «Жұқтырамын,ластаймын» деген мағынаны білдіреді. Жұқпалы аурулар



бет6/8
Дата04.10.2023
өлшемі38,09 Kb.
#183693
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік

Этиотропты терапияға – антибатериалді ем жатады. Онда антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран туындылары, 8-оксихинолин туындылары, паразиттерге, вирустарға қарсы препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, вакциналар жатады.
Антибиотиктер бактериалды микроорганизмнің өсуін тоқтатады және оларды өлтіреді. Негізгі топтары:
Пенициллин тобы (К,Nа бензилпенициллин, жартылай синтетикалық-метициллин, ампициллин, оксациллин, ампиокс). Грамм оң микрофлораларға, спирохеталарға, лептоспираларға әсер етеді.
Цефалоспориндер (цефазолин, цефатоксим, цепорин, цефалексин)
Тетрациклиндер (окситетрациклин, тетрациклин, морфоциклин, метациклин, вибромицин, доксициклин) кең спектрлі – грамтеріс, грамоң микрофлораларға әсер етеді.
Левомицетиндер – кең спектрлі әсер етеді.
Амногликозидтер (канамицин, неомицин, мнонмицин, гентамицин) – пенциллинге, левомицетинге, тетерациклинге төзімді микроорганизмге әсер етеді.
Макролидтер (эритромицин, ровамицин, макропен, олеандомицин) –стафилакоккты, стрептококкты, пневмококктарға әсер етеді.
Полимиксин – граммтеріс микроорганизмдерге, көкіріңді таяқшаларға әсер етеді.
Саңырауқұлақтарға қарсы перапараттар – нистатин, леворин, амфотерицин, низорал, дифлюкан, кетакефазол.
Вирусқа қарсы препараттар- ремантадин, амантадин, интерферондар, ацикловир, виралекс, бонафтон, госсипол, теброфен.
Паразиттерге қарсы перапараттар – метранидазол, трихопол, делагил, примахин, эметин гидрохлорид, акрихин, пентостам,глюкантим.
Сульфаниламидтік препараттар – сульфадимезин, норсульфазол, сульфапиридазин және ішекке әсер ететін – фталазол, фтазин, сульгин микроб жасушаларының зат алмасу процесін бұзады және бактериостатикалық әсер етеді.Сульфаприридазин, сульфадиметоксин, бисептол, бактрим.
Нитрофуран тобының препараттары – фурациллин, фуразолидон, фурадонин, фуразолин.
8 – оксихинолин препараттары – энтеросептол, мексаза, интестопан, 5-НОК.
Емдік сарысуларсіреспеге қарсы, дифтерияға қарсы, гангренаға қарсы, ботулинге қарсы сарысулар – қоздырғыштарға қарсы, токсиндерге қарсы иммунитет туғызады. Сарысуларды Безредко әдісі бойынша егеді.
Гамма – глобулиндер – қанның ақуыздық фракциясы – антиденелердің қызметін атқарады. Бұны лептоспирозға, түйнемеге, қызылшаға, тұмауға қарсы егуге болады.
Вакцинотерапия – организмнің қорғаныштық қасиетін күшейтеді.
Бактериофагтар-микробтарды жоюға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет