Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды күту ерекшеліктері және инфекцияның алдын алу Мақсаты: а білімділік



бет3/12
Дата05.02.2022
өлшемі334,87 Kb.
#16374
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жұқпалы аурулар туралы түсінік
Жұқпалы аурулар – ауру тудырушы микроорганизмдердің организмге еніп, онда өсіп-өнуі және өмір сүру салдарынан туатын аурулар.
Олар: а) ішектің; б) жоғары тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Ішкі ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішіктен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге микроб ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қансорғыш жәндіктер арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Микробтар организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде өсіп-өнеді (мысалы, ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде микробтар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен оша құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты. Олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілер тез жазылады, жұқпадан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі – баяу ауру. Бұл түрінде инфекция организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттық деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда микроб организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Жұқпалы аурулар бактерияларан және басқа организмдерден (жанды денелерен) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.
Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз көре алмайсыз ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т.б.) – бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тұмау, қызылша, мысқыл және инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет