Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс


Қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылғанда науқас келесі шағымдарды айтады



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі25,67 Kb.
#143926
1   2   3   4
Байланысты:
жүрек қан там
эссе жазуға көмекКІТАП, Курс лекций .История Казахстана, Семинарские занятия. История Казахстана-6, 3-апта үй жұмысы
Қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылғанда науқас келесі шағымдарды айтады:
- жүрек тұсының ауырсынуы;
- ентігу;
- тұншығу (жүрек демікпесі);
- шеткі ісінулер;
- жүрек қағу;
- іштің ұлғаюы (асцит);
- АҚ күрт жоғарылауы (гипертониялық криз);
- АҚ күрт төмендеуі (коллапс);
- Естен тану.
- Науқастан дем алу қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы туралы мәлімет алу үшін сұрастырған кезде, жүректің ауырсынуын алғаш рет қашан сезгенін, ауырсынудың сипатын (ұстама түрінде, қақсайтын, тесетін), ауырсынудың пайда болуына әсер ететін факторларды (жаяу жұру, күйзеліс, физикалық ауырлық) анықтау қажет.
Сонымен қатар, кейбір дәрілерді, мысалы валидол, нитроглицерин қолданғаны туралы, одан қандай нәтиже болғаны туралы сұрастыру қажет.
Дұрыс диагноз қою үшін қосымша мәліметтер жинау қажет. Мысалы, тыныштық, жүру, физикалық ауырлық кездерінде ентігу болғаны туралы, тәулігіне ішетін сұйықтық мөлшері туралы, соңғы кезде дене салмағының ұлғаюы туралы сұрастыру қажет. Сұрастыру кезінде науқастың өз қан қысымын бақылайтыны туралы, кім өлшейтінін, кардиолог көмегін қажет етуі туралы сұрастыру өте қажет.
Сонымен қатар, қан айналу жүйесі ауруларының дамуында зиянды әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың, тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен.
Кәсіптік зияндылықтарға түнгі кезекшіліктер, жиі суық тию, шуыл, тербеліс, жоғары ылғалдылық, "ыстық цех", зиянды булар жатады.
Науқастан сұрастырған кезде тұрмыстық жағдайы туралы да (пәтердің ылғалдылығы, ауаның төмен температурасы) мәлімет алу керек.
Қан айналым жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:
-шылым шегу;
- ішімдікке салыну;
- аз қимылды өмір салты;
- жиі күйзелістік жағдайлар;
- көпмөлшердемайқабылдау;
- артық салмақ;
Науқасты жалпы қарау кезінде келесі өзгерістерге назар аудару қажет:
- тері жамылғыларының түсі: бозару, цианоз, гиперемия;
- терінің ылғалдылығы: ылғалды, суық тер;
- ентігу: тыныштық жағдайда, қимыл-әрекет кезінде;
- шеткі ісіктер: тобықтарда, балтырда, бетте;
- іштің көлемінің ұлғаюы (асцит), іштің алдыңғы аймағында венозды
суреттің күшеюі;
1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді);
2) емделушіге көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді);
3) физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары
жақсарады):
4) валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына)
және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нит-
роглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады;
Ескерту: қан қысымы 100мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге болмайды.
5) жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер етеді);
б) таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі
төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады);
7) дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;
Ескерту: стенокардия ұстамасының созылу уақыты орташа есеппен 1-5 минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсыну басылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін.
8) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)
бақылау жүргізу.
9) науқастың жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру.
10)Науқаспен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. Ұстаманы тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме, спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет