Алдын алу жолдары
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол - темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:
Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Бақылау сұрақтары:
Жүрек қан тамыр аурулары дегеіміз не ?
Қан қысымының өзгеріне сипаттама беріңіз?
Жүрек қан тамыр ауруларының негізгі себептері қандай ?
Алдын алу шараларын атаңыз?
Қосымша тапсырма:
Жүрек қан тамыр ауруларымен ауыратын науқастарға алғашқы медициналық көмек түрін жазыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |