Жүрек аритмиясы Аритмиялар – ырғақ бұзылыстары



бет3/5
Дата26.05.2022
өлшемі147,49 Kb.
#145209
1   2   3   4   5
Байланысты:
4672f2ef-8881-41e0-9b6f-2ccef6b4b147

Синустық тахикардия – СА түйіннің автоматизмдік қасиетінің жоғарлауынан болады, cor-ң соғуы минутына 100-ден артады, ырғағы дұрыс. Даму механизмінің негізінде СА түйіндегі Р-жасушалардың трансмембраналық потенциалының 4 фазасының тезделуі жатады.

Клиникалық көрінісінде жүректің соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100-160 шамасында, ырғақты. Аускультацияда эмбриокардия, маятник тәрізді ырғақ және I тонның күшеюі немесе жарықшақтануы естіледі.

ЭКГ-лық сипаттамалары:

1. R-R аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем;

2. P тісшесі мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, PQ аралығы 0,12-0,22 с шамасында;

3. Ұзаққа созылған тахикардияда S-T аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін.

Синустық брадикардия – СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем. Даму механизмі – трансмембраналық потенциальдың 4 фазасының баяулауы.

Синустық брадикардия – СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем. Даму механизмі – трансмембраналық потенциальдың 4 фазасының баяулауы.

Клиникалық көрінісі симптомсыз немесе жүрек соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Диастола кезінде аса толуынан жүрек шеттері шамалы кеңеюі мүмкін. Пульс минутына 60-40, ырғақты, толық.

ЭКГ-лық сипаттамалары:

  • Р тісшесі мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған;
  • R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық;
  • Функциялық брадикардия болғанда атропин 1 мг салған соң ЖСС жиіленеді.

Синустық аритмия


Тыныстық – n.vagus тонусының тыныс қимылдарынан өзгеріп тұруынан болады. Дем алғанда ЖСС жиіленеді, шығарғанда азаяды.
Тыныстық емес аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне миокардтың біріншілік зақымдану салдарынан болады.

Экстросистолия – түгел жүректің немесе оның белгілі бір бөлігінің кезектен тыс жиырылуымен сипатталатын жүрек ырғағының бұзыоысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет