Экстросистолия – түгел жүректің немесе оның белгілі бір бөлігінің кезектен тыс жиырылуымен сипатталатын жүрек ырғағының бұзыоысы.
Клиникалық көрінісі. Экстрасистоладан кейінгі үзіліс жүрек “тоқтап қалғандай”, ал одан кейінгі бірінші соғу “жүрек түртіп қалғандай” сезіледі. Жүрекшелер мен қарыншалар аса толу кезінде жүрек “шаншып кеткендей” болады.
Жүрекшелер дірілі – өткізу жүйесі автоматизмінің күшеюінен немесе re-entry механизміне байланысты жүрекшелердің минутына 250-400 жиілікпен жиырылуы.
Жүрекшелер дірілі – өткізу жүйесі автоматизмінің күшеюінен немесе re-entry механизміне байланысты жүрекшелердің минутына 250-400 жиілікпен жиырылуы.
Жүрекшелер жыбыры немесе жыбыр аритмиясы – эктопиялық ошақтардың көптігінен жүрекшелік бұлшықет талшықтарының әр тобы өз бетінше хаосты қозып жиырылуы, яғни жүрекшелер бір уақытта тұтас қозуы мен жиырылуы болмайды.