Жүрек ырғағының бұзылыстары


ЖҮРЕКШЕЛЕРДІҢ ДІРІЛІ МЕН ЖЫБЫРЫ



бет4/6
Дата04.11.2023
өлшемі3,12 Mb.
#189743
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604

ЖҮРЕКШЕЛЕРДІҢ ДІРІЛІ МЕН ЖЫБЫРЫ
Жүрекшелер дірілі – өткізу жүйесі автоматизмінің күшеюінен немесе re-entry механизміне байланысты жүрекшелердің минутына 250-400 жиілікпен жиырылуы.
  • Ірі жиіліктегі Ғ толқындарының болуы;
  • ЖСЖ – 200-400 минутына;
  • QRS комплекстері ырғақты түрінде бірдей, ал ырғақсыз түрінде әртүрлі;
  • R-R бірдей;
  • II, III, aVF, V1, V2.

ЖҮРЕКШЕЛЕР ЖЫБЫРЫ
Жүрекшелер жыбыры немесе жыбыр аритмия – эктопиялық ошақтардың көптігінен жүрекшелік бұлшықет талшықтарының әр тобы өз бетінше хаосты қозып жиырылуы, яғни жүрекшелердің бір уақытта тұтас қозуы мен жиырылуы болмайды (жиырылудың орнына жүрекшелердің беті жыбырлап тұрады).
  • Р тісшесінің жоқтығы;
  • Р тісшесінің орнына ұсақ жыбыр f толқындарының болуы;
  • ЖСЖ – 350-700 минутына;
  • QRS комплекстері өзгеруі;
  • R-R аралықтарының әртүрлілігі;
  • II, III, aVF, V1, V2.

ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ДІРІЛІ МЕН ЖЫБЫРЫ
Қарыншалар дірілі- ретсіз (жүрек циклінің ұзақтығының айырмашылығы - 30 мс) мономорфты қарыншалық тахиаритмия ЖСЖ шамамен 300 минутына (цикл ұзактығы - 200 мс) QRS комплекстер арасында изоэлектрлік интервалсыз.
Қарыншалар жыбыры- ЭКГ QRS комплекстерінің және Т тісшесінің болмауы, олардың орнына электрокардиографиялық қисықтың амплитуда өзгерісімен және кезенділігімен (хаосты ритм) тербелуі .

ДИАГНОСТИКА


Аритмиясы бар науқастың жағдайы құбылмалы екендігін келесі симптомдар арқылы аңғаруға болады:
1. Жүрек лықсытуы (шығарылымы) төмендеуінің клиникалық симптоматикасы
Симпато-адреналдық жүйенің белсенділену белгілері: - тері жабындыларының бозаруы; - тершеңдік, аяқ-қолдың ылғалдануы жəне мұздауы; - ми қанайналымының нашарлауынан есі ауытқу белгілерінің үдей түсуі; - Морганьи-Адамс-Стокс синдромы; - артериалдық гипотония (систолалық қысым 90 мм Hg төмен). 2. Күрт дамитын тахикардия
Шамадан тыс жүрек ырғағының жиілеуі коронарлық қанайналымды азайтып, миокард ишемиясын туындатуы мүмкін. 3. Жүректік жеткіліксізік
Солқарыншалық жеткіліксізік дамығанын өкпе ісінуі, ал жарма веналар қысымы жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы оңқарыншалық жеткіліксізік дамығанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет