Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру. Балалардың өзін-өзі тануды дамытуға жағдай жасау, бағалау және өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, топты ынтымақтастыру, біріктіру бағытында жұмыстану.
«Жылулық сезіну» жаттығу
Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бәрі қолдарынан ұстап жылулық сыйлайды.
«Мектеп жолдары» жаттығу
Тақтада немесе шеңбердің ортасында «Мектеп жолдары» суреті жапсырылады. Оқушыларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Бастауыш сыныпта менің есімде қалған...........», «Бесінші сыныпта маған.......». Барлығы шеңбер бойымен бір-біріне доп немесе жұмсақ ойыншықты кезекпен беру арқылы пікірлесіп айтады. Жүргізуші қызықты пікірлерге мән беріп, барлық оқушылардың мектептегі тәжірибесіне көңіл аударады. Жүргізуші оқушылардан 5-ші сыныпқа ауысқанда мектеп өмірінде қандай жаңа өзгерістер кездескені жөнінде әңгімелеп беруді ұсынады.
Оқушылар жаңа бүршік жарған ағашымызға өзіміздің жүрек жылуымызды бере отырып, оның жайқалып, құлпырып өсуіне көмек берейік. Осы тренингте алған әсерлерімізді ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектеріңізді жазып ілейік.