Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен


Софья неге жарнамаға сілтеме жасайды?



бет9/11
Дата04.10.2022
өлшемі1,58 Mb.
#151525
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
PISA оқу сауаттылығы

Софья неге жарнамаға сілтеме жасайды?
Сұраққа жауап беру үшін оқушы мәтінмен толық танысады, мәтіндегі маңызды сөзге тоқталып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін көрсету керек. Мәтінде граффити туралы айтылады және жарнама туралы да айтылатын жерлер бар, оқушы граффити мен жарнама арасындағы байланысты тауып, түсіну керек.
Жауап толық қабылданады
Код 1: Граффити мен жарнаманың арасында салыстыру жүргізілгені туралы айтылады. Жауап “жарнама - граффитидің жарияланған түрі” деген ойға сәйкес болуы керек.
Жауап мысалдары:
-Жарнама да граффити секілді агрессиялық болуы мүмкін екенін көрсету үшін.
-Себебі кейбір адам жарнама да бояуы бар баллонның көмегімен салынған суреттер секілді ұсқынсыз деп ойлайды.
-Ол жарнаманы граффитидің жарияланған түрі дейді.
-Ол жарнама да граффити тәрізді деп ойлайды.
-Себебі жарнама тақтайшасын ілу үшін сіздің рұқсатыңызды ешкім сұрамайды. [жарнама мен граффити арасындағы айырмашылықты айтқысы келіп тұр.]
-Себебі жарнама граффити секілді біздің айналамызда ешкімнің рұқсатынсыз-ақ таралып жатыр.
-Себебі жарнама тақтайшалары граффитиге ұқсайды. [қысқа жауап. Ұқсастығы айтылғанымен, оның неден тұратыны көрсетілмейді.]
-Себебі бұл - көрменің басқа түрі.
-Себебі хабарландыру жазатын адамдар оны қабырғаларға іледі және ол да граффитимен бірдей деп ойлайды.
-Себебі ол да қабырғаға орналастырылады.
-Себебі ол екеуіне де бірдей сүйсініп немесе ұнатпай қарайсың.
-Ол жарнамаға жүгінеді, себебі жарнама граффитиге қарағанда жеңіл қабылданады. [екеуінің қарама-қайшылығының берілуінен граффити мен жарнаманың арасындағы ұқсастықты көру жеңіл.]
НЕМЕСЕ
Жарнамаға жүгіну граффитиді қорғау тәсілі екендігі айтылады.
Жауап мысалдары:
Бұл арқылы біз граффити заңды екенін танимыз.
Егер орынсыз жауаптар болса, қабылданбайды.
Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан қатысып келеді: қазақстандық оқушылардың оқу жетістіктері 2009, 2012, 2015, 2018 жылдары бағаланды. Алғашқы көрсеткіштер өте төмен болды, соңғы жылдары еліміз рейтингте 52-орыннан 48-орынға дейін көтерілді. Алайда 2018 жылғы қорытынды бойынша оқу сауаттылығы бойынша көрсеткіштер 2009 жылғы нәтижелерден төмен болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет