«Атамекен» шығармасынан үзіндіні
1 жүргізуші ... Ақселеу Сейдімбектің өз әңгімелері мен повестері де оңға тарта шет ел тілдеріне аударылған.Ғалым - зерттеуші ретінде Ақселеу Сейдімбек Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті, көшпелілердің төлтума мәдениетін танып - түсінуге тегеурінді үлес қосты, соның жарқын үлгісі - «Қазақтың ауызша тарихы» атты тарихи еңбегі ұлтымыздың өшпес мұрасы.
2 жүргізуші :.. Жұрттың бәрі білетін Ақаңның тағы бір қыры, жан сыры - сазгерлігі. Өнер үшін жаралған жанның керемет күйлері мен әуезді әндері қалды. Алашының кәрі - жасының ажарына әр кіргізіп сағымды сары даланың сырбаз марғасқа жігіттің бейнесін көз алдына алып келетін «Сарыарқа», «Дәурен - ай», «Алтын асық», «Арман - ай», «Ақтанбердінің толғауы», «Арарай», «Гагигай» және т. б. болып қалары хақ. Себебі, көңілді баурап, жүректі жаулайтын сол әндерге автордың арманы, елі мен жеріне деген махаббаты, киелі Ұлытаудың ұлар құсындай үмітімен үкі таққан ұлтының үзілмес рухы тұрған жоқ па!..
Достарыңызбен бөлісу: |