Жүргізуші : Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын А. Сейдімбек артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі34,33 Kb.
#131052
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақселеу Сейдімбек

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығына арналған кешіміз аяқталды
Қош сау болыңыздар

Ақселеу Сейдімбектің шығармашылық және ғылыми еңбегінің бедерлі тұстарын былайша саралауға болады.


• бұрын жиналмаған да зерттелмеген қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді;
• алғаш рет қазақ эпостарының қарасөзбен насихатталуына мұрындық болды;
• алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырмандарына таныстырды;
• алғаш рет тарихты жеке тұлғалар арқылы зерделеу идеясына ден қойды;
• қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті;
• сөйтіп, көшпелілердің төлтума мәдениеті деген категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қосты;
• қазақтың музыкалық мәдениетінде бес мектептің барын алғаш рет танып, олардың даралық сипаты мен типологиялық тұтастығын айғақтап берді;
• қазақтың ән өнерінің тарихи - эстетикалық қасиетін алғаш рет кешенді қалпында танытуды мақсат еткен 8 телехабарлар сериясын жасады;
• қазақтың ру - тайпалық жүйесін алғаш рет тарихи - этнологиялық, әлеуметтік - саяси және мәдени - рухани аяда зерделеп, қазақ шежіресінің қазақ тарихына қатысты түп деректемелік мән - маңызын ашып берді;
• белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты сәттерін жинақтауға себепші болған «Деген екен» айдарын бастап берді.
Ақселеу Сейдімбек - 30 - дан астам әдеби, ғылыми - танымдық монографиялар мен кітаптардың, оқулықтардың және 400 - ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Ақиқаты - бір өзі бір ғылыми – зерттеу институтының атқаратын шаруасындай іс тындырып кетті. Айналасын өнер, білімге биік талғаммен қаруға үйретуге ұмтылды. Ғасырлар қойнауында ұмыт қалып, жадымыздан жылыстап бара жатқан қаншама жыр, қисса, дастан, күйлерімізді басқа да құнды мұраларымызды зерттеп - зерделеп тарих тереңінен аршып алып, келер ұрпақтың қолына ұстатты. Жалғыз ғана қазақтың емес, күллі түркі дүниесі түгендеп жүген жанкешті ғалым, парасатты жан еді. Осылайша ендігі кезекте ол кісі жайлы тек естеліктер ғана айтылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет