Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біз мектебімізбен қоштасқалы тұрмыз.
- Бұл күн – біздің есімізден, мектеп тарихынан, мәңгі өшпейтін күн.
Бүгін ерекше тебіреніспен толғанысқа толы күн.
Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген, кез-келген бейнені бей-жәй қалдырмайтын ұлы мереке.
Бүгін Алтын ұя мектебін бітіріп, бала-шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректе лүпілі бар, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан Жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн!
-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Соңғы қоңырау деген-оқу жылының соңғы күні
Соңғы қоңырау деген-түлектердің мектеппен қоштасатын күні
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама - дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат алу кезеңіде келгендей.