Жүгізуші: Құрметті ата-аналар біздің балаларымыздың «Орман алқабында» атты көрінісін қабыл алыңыздар.
«Орман алқабында» Бір күні орманда құмырсқа келе жатады. Кенеттен күн бұзылып, жаңбыр сіркірей бастайды. Қайда тығыларың білмеген құмырсқа алқапта өсіп тұрған саңырауқұлақты көріп, жүгіріп барып әдемі қалпақшасының астына тығылады. Құмырсқа: жаңбыр басылғанша осында отыра тұрайын- деп құмырсқа жайғаса кетеді
Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді. Құмырсқаны көріп былай дейді
Көбелек: Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!
— Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол.
— Кіргізші?! Осылайша құмырсқа көбелекті қасына отырғызады.
Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде ентіге жүгіріп Кірпі келеді.
Кірпі: Кіргізіңдерші мені! Үстімнің бәрі су болды! — дейді Кірпі жалынып.
— Сені қайда кіргіземіз?! Өзіміз зорға сыйып тұрмыз!
—Кіргізіңдерші?!
Кірпі құмырсқа мен көбелектің қасына сығылысып отырып алады. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр.
Бір кезде алыстан ұлыған қасқырдың даусы естіледі. Қасқыр жаңбырдан қорғанып отырған достарың көріп былай дейді.
Қасқыр: -Ауу-у-у үстімнің бәрі су болды, менде кептіріп алайыншы! — дейді қасқыр
— Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?
— Өтінемін!
— Жарайды, кіре ғой!
Осылайша қасқырда достарының қасына жайғаса кетеді.