Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз береке, бірлік ала келді


Жүргізуші: Алқапқа осы арада қорқақ Қоян жүгіріп келеді. Қоян



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі16,37 Kb.
#120357
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
алтын күз

Жүргізуші: Алқапқа осы арада қорқақ Қоян жүгіріп келеді.
Қоян: Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!.

Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде құйрығын бұлғаңдатып Түлкі жүгіріп келді.
Түлкі: Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады.
— Жоқ, көрмедік. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады.
— Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?
— Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сидық!

Жүргізуші: Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды.
Жаңбыр осы кезде тоқтап, күннің көзі жарқырай ашылды. Барлығы қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты.
Құмырсқа ойланып қалды:
— Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бәріміз кішкентай жерге сыйып кеттік!

Жүргізуші: Мінекей балалар достарымызға осындай жанашыр, адал, мейірімді болуымыз керек. Достарымызды ешқашан қиындықта қалдырмауымыз керек.
Би: «Орман достары» (Жомарт- Сымбат, Дархан- Інжу, Арсен-Алуа)
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар!

Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет