Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Бүгінгі өткізгелі отырған «Ұлы ғарыш – ұлы жол»



бет1/2
Дата08.07.2018
өлшемі465,53 Kb.
#48310
  1   2
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Бүгінгі өткізгелі отырған «Ұлы ғарыш – ұлы жол» атты тақырыптық әңгімемізге қош келдіңіздер! Тақырыптық әңгімеміз 2 – бөлімнен тұрады.

І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайдтар )

ІІ бөлім: Білім сайысы.

Жүргізуші: Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады. Алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Кейін қазақтың атын шығарған ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те көке самғады. Осылайша Қазақстан ғарыш кіндігіне айналды.
Кешіміздің алғашқы сөз кезегі ______________________________________

_________________________________________________ беріледі.


1 бөлім бойынша , Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайд көрсету )
Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазіргі ғарыш айлағы орналасқан жерді сонау VII ғасырда түрікінің даңқты философы, ақын әрі сазгер Қорқыт ата «жердің кіндігі» деп атаған. Сол сияқты ерте замандарда талай – талай керуен жолдары өткен киелі өңір. Сондықтан ғарышқа тұңғыш рет адамның дәл осы жерден ұшуы тегіннен – тегін емес!»

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің өзі де 2006 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында болғанда «Әлемдік тарихтың ең бір ұлы кезең – жасанды жер серігінің,тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, ашық ғарыш кеңістігіне шығу тәрізді қайталанбас оқиғалар осы жерден бастау алды» деді.

Қазіргі уақытта жер жүзінде отызға тарта ғарыш айлағы бар. Байқоңыр соның бірі және бірегейі!

Ал оқушылар кім Тоқтар Әубәкіров, Юрий Гагарин , Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетов туралы не білесіздер? (оқушылар айтып кетеді)



Жүргізуші: 1991 жылдың 2 қазан ел болып толқыған күн. Қазақ ұлы ғарышқа ұшты ол Тоқтар Әубәкіров. Тоқтар ағамыздың ұшқыш –сынақшы мектебінен дәріс алуына Дінмұхамед Қоңаев атамыз өз үлесін қосты. Сөйтіп, авиация өнеркәсібі минисртлігіне ауысты. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде жүріп ұшаққа екі рет май құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен аяқтады. Кеңес Одағының Батыры атанды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ізбасарлары Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов бүгінде Мәскеудегі Жұлдызды қалашықта дайындық үстінде.

Талғат Мұсабаев 1994 жылы 135 тәулік бойы космос әлемінеде ұшып жүрді. Ал 1998 эылы орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Осы ерліктері үшін Геннес кітабына аты жазылды.

Жүргізуші: оқушылар сіздер ғарышқа ұшқан ағаларымыз жайында толық мәлімет алдындар деп есептеймін.

7 – қазан, 1957 жылы Әлемде алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды.

3 – қараша, 1957 жылы тұңғыш рет Лайка атты ит ғарышқа сапар шекті.

2 – қаңтар, 1959 жыл Екінші ғарыштық жылдамдықпен «Луна - 1» атты жер серігі ұшырылды.

12 – сәуір, 1961 жыл Адамзаттың бірінші рет ғарышқа ұшуы. «Восток» обиталық ғарыш кемесінде Юрий Гагарин ұшты.

16 – шілде, 1963 жыл Әйел адамның бірінші рет ашық ғарыш кеңістігіне сапары. Тұңғыш әйел ғарышкер – В.В. Терешкова.

18 – наурыз, 1965 жыл А.А.Леонов бірінші рет алғаш ғарыш кеңістігіне шықты.

1969 жыл Ай бетіне алғаш адамдар қонды. Олар – Н. Армстонг, Э. Олдрин, М. Комид.

1988 жылы бірінші рет пайдалануға арналған ғарыш аппараты «Боранның» ұшырылуы.

Жүргізуші: ІІ бөлім: Білім сайысына кезек келді.

1 кезең : топтың атауы

2 кезең: Викториналық сұрақтар.

3 кезең: Сөзжұмбақ топтық жұмыс

4. Сергіту сәті. Фантастикалық суреттер салу; әңгіме құрастыру.

5 кезең: « Көкпар». Капитандарға сұрақ ( 10 сұрақтан ).

6 кезең: марапаттау

1 кезең : топтың атауы: А) «Ғарыш» тобы

Ә) «Галактика» тобы

2 кезең :Викториналық сұрақтар

«Ғарыш» тобы І топқа

1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)

2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )

3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)

4. Қай планета өз озін бір тәулікте бір айналады? (Жер)

5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )

6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )

7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )

8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)

9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)

10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )

«Галактика» тобы ІІ топқа

1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)

2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)

3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)

4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )

5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )

6. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)

7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )

8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)

9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)

10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)

Жүргізуші: 3 кезең: Сөзжұмбақ «Ғарышкер» деген сөзжұмбақ беремін соны шешейік
Ғ а р ы ш к е р

Л А й к а

Б а й қ о ң ы Р

З Ы м ы р а н

Ғ а р ы Ш к ү н і

Г а л а К т и к а

А т м о с ф Е р а

Б о Р а н

1. Тоқтар Әубәкіров, Юрий Гагарин кім? Ғарышкер

2. Ғарышқа сапар шеккен иттің аты қалай? Лайка

3. Алғашқы жер серіне ғарышқа аттанған ауыл? Байқоңыр

4. Ғарышкерлерге қажетті құралдар және азық – түлік жеткізіп тұратын не? Зымыран

5. 12 сәуір қандай күн деп аталады? Ғарыш күні

6. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)

7. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? Атмосфера

8. 1988 жылы бірінші рет ұшуға пайдалануға арналған ғарыш аппараты?«Боран»
4 кезең; Сергіту сәті. Фантастикалық суреттер салу; әңгіме құрастыру.

5 кезең: « Көкпар». Капитандарға сұрақ ( 10 сұрақтан ).

І топтың капитанына

1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )

2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)

3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)

4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)

5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
ІІ топтың капитанына

1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)

2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)

3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)

4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)

5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)



Жүргізуші: Бүгінгі «Ұлы ғарыш – ұлы жол» атты тақырыптық әңгімемізге қатысқандарыңызға мыңда – бір рахмет айтамын. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!




2 топ






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет