СНХ: Александр Ворончихин street аrt және граффити суретшісі Аударма 11:23-11:44 По идее все что делается... Тұрғын үйлердің қабырғасына салынатын суреттер әкімшіліктің рұқсатымен жасалады. Алайда, қала билігінің рұқсатын алу үшін талай табалдырықты тоздырасың. Сурет нобайын, басты идеясын бекітетін адамдар әдетте өнерден мүлдем хабары жоқ шенеуніктер. Нәтижесінде, бастапқыда ойлағаныңнан мүлдем бөлек дүние шығады. Аударма 11:44-12:02 То есть у нас очень много классных ребят... Айтпағым, бізде бірегей жоба жасайтын дарынды балалар көп. Олар сол идеяларымен Ресейге барып, оны жүзеге асырады. Ал бізде, өкінішке орай, ондай еркіндік берілмейді.
КТМ: Орта Азиядан шыққан танымал 9 стрит-арт суретшінің тізімінде қазақстандық Паша Кас пен Рустам Эшер де бар. Талантты суретшілердің туындыларын Ресей, Германия, Грузия және АҚШ елдерінің ең ірі қалаларының көшелерінен кездестіруге болады.
СТЕНДАП: Кезінде ескі үйлерімен, лас көшелерімен үрей туғызатын Америка, Еуропа мегаполистерінің шеткі аудандары бүгінде стрит арт жанрында жұмыс істейтін дарынды суретшілердің арқасында сан-алуан тақырыптағы суреттермен айшықталып, қайталанбас келбетке ие болды.
КТМ: «Біздің елімізде де граффитиге қызығатын жастар күн санап көбейіп келеді. Алайда оны кәсіби деңгейге жеткізу үшін әлі де көп еңбек ету керек», - дейді мамандар.