Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап



бет5/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

«Мысық» (төбешік)
Мияулайды мысық
Керіледі қызық,
Тілімді бүктім
Мысыққа ұқсаттым.
Сипаттама: ауыз сәл ашық, тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдынғы төменгі тістерге кірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Түтікше»
Жасаймын тілмен түтікше
Басқа жаттығудан өзгеше
Тілім бүктеліп бірнеше
Мен жасаймын түтікше.
Сипаттама:жалпақ тілді екі ауыз қуысынан шығарып бүйірлерін жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып ұстап тұрып үрлеу.



«Сағат»
Самат сағат сатып алды
Сағат Саматқа ұнап қалды
Анасына, әкесіне көрсетіп
Көрімдік қалтасына мол салды.
Сипаттама: жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек.

«Саңырауқұлақ»
Саңырауқұлақтар әлемі,
Неткен қандай әдемі,
Қоңыр, қызыл бастары,
Түзу екен саптары!
Сипаттама: ауызды кең ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру қажет.

«Тәтті шырын»
Тәтті шырын іштім мен,
Тамаша шырын екен.
Достарыма тараттым,
Алғыстарына бөлендім.
Сипаттама: жалпақ тілмен жоғарғы ерін мен төменгі ерінді жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау.



«Жылан»
Тілі улы жылан -
деп көрсетті маған
Қарап едім оған,
Тілін шығарды маған.
Сипатттама: ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып
жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысын ақырындап кіргізу.





«Сылақшы»
Сылақшыға қарашы.
Қабырғаны сылайды,
Әдемі бояп кең үйді,
Қуанышты сыйлайды!
Сипаттама: ауыз кең ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді,сосын төменгі ерінді жалау.Бағытын өзгертіп отырып қайталау.

«Әткеншек»
Біз тебеміз әткеншек
Балалар мен жеткіншек,
Таласпаймыз мүлде біз
Кезек-кезек тебеміз.
Сипаттама: ауыз кең ашық, еріндер күлімсірейді, жалпақ тілді мұрынға, кейін иекке дейін жеткізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет