3.3 Қылмыстық ізге түсуде жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негіздері Заң шығарушы жария да, жасырын да жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болатын Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңында жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің негіздерін белгілеген. Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 10-бабына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негіздері келесідей:
А) қозғалған қылмыстық істің болуы;
Б) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен:
- әзірленіп жатқан, жасалып жатқан және жасалған құқық бұзушылық;
- анықтама, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;
- азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйіттердің табылуы;
- шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалары;
В) өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары;
Г) құқықтық көмек туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары;
Д) қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау ақпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар.
Осылардан басқа жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар өз құзыреті шегінде өзінің не өзге мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешімдер қабылдау үшін қажетті мынадай деректер жинауға құқылы:
ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік, әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы;
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде;
мемлекеттік құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін апат немесе экологиялық қауіпті аса жоғары объектілер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы;
жедел-іздестіру қызметіне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесінде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;
жеке детективтік және күзет қызметімен айналысуға рұқсат берілгені туралы.
Көрсетілген негіздер түпкілікті болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертілуі мүмкін.
Қозғалған қылмыстық істің болуыжалпы негіз болып табылады. Қылмыстық іс қозғау фактісі оны қорғау үшін және сәйкесінше алдын ала тергеуді бастау үшін жеткілікті деректердің анықталғаны туралы дәлелдейді, ол қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда іс жүргізушілік көрініс табады. Әйтпесе, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданады. Бірақ қылмыстық іс қозғаудан бас тарту фактісі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін өзге негіздерді жоққа шығармайды, керісінше тек нақты жағдай бойынша іс жүргізушілік шешімі болып табылады [34,15б].
«Қылмыстық іс қозғау» ұғымы қылмыстық сот өндірісінің бастапқы сатысы да, осы сатыны аяқтайтын шешімдердің бірін білдіреді.
Бұл жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарды қылмыстарды және оларды жасаған адамдарды анықтауға, қылмыстарды тез және толық ашуға, кінәлілерді әшкерелеуге, қылмыс оқиғаларын және қылмыстық іс бойынша дәлелденуге қажет өзге мән-жайларды анықтауға бағытталған түпкілікті әрекеттерді қолдануға міндеттейді. Берілген міндет қылмыстық істі анықтама немесе алдын ала тергеу органының қозғағанына байланысты өзгермейді.
Хабарламалар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде олардың нәтижесінде жедел назар аударарлық оқиғалар, іс-әрекеттер, адамдар және (немесе) фактілер туралы, білімдер, болжамдар, елестер, қалыптасқан мәліметтер, хабарламалар немесе өзге ақпараттарды білдіреді.
Мұндай мәліметтер, егер олар жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға мәлім болғанда, сондай-ақ олар Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 10-бабының 1-тармағының б) тармақшасында берілген адамдар, белгілер, оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы тиісті ақпараттарға ие болса негіз болып табылады.
Мысалы, азаматтардың арыздары мен хаттарында мәліметтер қылмыстық іс қозғауға тек қана белгілі бір қылмыстың белгілеріне ие әрекетті жасауға нұсқайтын ақпаратқа ие болса, себеп болады. Егер мұндай арыздар қылмыс белгілеріне нұсқайтын жеткілікті деректерге ие болмаса, онда қылмыстық іс қозғау үшін негіздер болмауы мүмкін, бірақ ол жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіздерді жоққа шығармайды.
Әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық туралы хабарламаларегер қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін жеткілікті деректер болмаса, мысалы, қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша іс жүзіндегі деректер жинау талап етілсе, жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін бар деректер жеткіліксіз (қылмыс ққиғасы анықталмаған, жекелеген белгілер, олар бойынша қылмыстың бар екендігін не болмаса жоқ екендігін тең дәрежеде болжауға болады, адамның бастапқы мінез-құлқы оның іс-әрекеттерін қылмысты деп бағалауға мүмкіндік бермейді, бірақ олар сондайға ауысуы мүмкін және т.б.).
Анықтама, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар туралы хабарламаларды жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде мынадай мағынада қарастыру керек: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға нақ бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны, оның құқық қорғау органдарынан жасырынғаны немесе жазадан жалтарғаны, адамды іздеу жүргізу туралы тиісті тапсырма бар екендігі, өйткені ондай тапсырма қылмыс жасалу жері бойынша аумақтық органға келіп түседі. Оған қарамастан өзге жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар болмаса да, аталған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге және жедел-іздестіру әрекеттерінен қылмыс жасауға қатыстылық пәніне тиісті ақпарат алған жағдайда да, сондай-ақ жазадан жалтару немесе анықтама, тергеу және сот органдарынана жасырыну фактісін анықтауға құқылы және міндетті [35,43б].
Жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешумен байланысты емес іздеуді жариялау жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге негіз болып табылмайды.
Хабарсыз кеткен азаматтар бойынша жедел-іздестіру әрекеттері, әдетте-гідей, туысқандар, таныстар немесе лауазымды адамдардың арызы бойынша жүргізіледі. Осындай арыздарда бар ақпарат адамның жоғалу фактісі туралы болжауға мүмкіндік беретін жеткілікті негіз болып табылады.
Танылмаған мәйіттердің табылуыжедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде егер мәйіттің табылған жерінде суымаған іздер бойынша жұмыстар кезінде, тікелей, сондай-ақ жеке басы анықталмағандықтан жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізбей мүмкін емес мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан (тоқтатудан) бас тарту жағдайларында жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу қажет болса, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешкенге дейін бола алады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарына, оларға жәрдемдесуші органдардан, адамдардан ауызша немесе жазбаша хабарламалар келіп түскен кезде негіз бола алады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау-бүлдіру әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен көзделген конституциялық құрылысты бұзуға, елдің қорғаныс және экономикалық әлеуетін бұзуға бағытталған қылмыстар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл қылмыстардың алдын алу немесе кесу мақсатында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің қызметкерлерін, диверсанттарын, шпиондарын ұстауға бағытталған әрекеттер жүзеге асырылады.
Өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттыңұйғарымдарыжедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде орын алуын төмендегідей сипаттаймыз:
ҚР ҚПК-нің 64-бабы тергеушінің жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін орындауға міндетті жазбаша тапсырмалар беру құқығын, сондай-ақ прокурорға істі талдағаннан кейін анықтау органы бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін тек қана тергеушінің тапсырмасымен жүргізе алатынын бекіткен. Егер қылмыс жасаған адам анықталса, анықтама органы қылмыс жасаған адамды табу үшін іздеу және жедел-іздестіру әрекеттерін тергеушіге хабарлай отырып қолдануға міндетті [36,49б].
Бұл мән-жай олардың құқықтарын шектесе де, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың бастамасына кедергі бола алмайды, өйткені оның ішінде нақты адамдарға, яғни қылмыс жасауға сезікті немесе айыпталушыға қатысты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу тергеліп отырған іс шегінен шығуы мүмкін және ол тек жедел жолмен анықталуы мүмкін, яғни бұрын белгілі емес қылмыстарды анықтауға немесе жаңа қылмыстарды жасауға бағытталған іс-әрекеттерді анықтауға, мысалы, лауазымды тұлғаларды сатып алу, куәларды қорқыту және т.б. мән-жайларға қатысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда жедел-іздестіру қызметінің қылмыстарды анықтау сияқты міндетін жүзеге асыру туралы сөз болып отыр, ол қылмыстық іс жүргізудің ағымдағы міндеттерінен немесе тергеушінің шешімдерінен тәуелсіз.
Қылмыс жасаған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға тергеуді жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелерінен алғандығы туралы хабарлау міндетін жүктейді, бірақ әрбір жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттері туралы емес.
Қозғалған қылмыстық істің болуы жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негізі бола отырып, оларды жүргізуде шектеу болып табылмайды. ҚР ҚПК-нің талаптарын орындау жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін де міндетті екені сөзсіз, бірақ жедел-іздестіру қызметіне және қылмыстық іс қозғалған факті бойынша жедел жолмен анықталуы қажет барлық өзге мән-жайларды қоспағанда, бұл ұйғарымдар тергеуге қатысты. Мұнда тергеу іс-әрекеттерін алмастыратын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге жол берілмейтіндігі туралы әңгіме болып отыр [37,28б].
Аталған органдар (тергеуші, прокурор) жедел-іздестіру әрекеттеріне мазмұны бойынша ұқсас жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар жолдауға құқылы болғандықтан, берілген негіз дербес ретінде бөлінген (көбінесе, сөйлесулерді тыңдау және жазу).
Тергеуші, прокурор мен соттың тапсырмасы бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру әрекеттерінің түрі мен тактикасын тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның лауазымды тұлғасы анықтайды. Тергеуші тек міндет қоюға, тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгілеуге құқылы, бірақ тапсырманы орындау кезінде жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру әрекеттерінің сипаты, ұйымдастыру мен тактикасы туралы нұсқаулар беруге құқылы емес.
Тапсырма деп жедел-іздестіру әрекеттері немесе тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тиісті лауазымды адамның шығаратын жазбаша құжатты қарастырған жөн. Тапсырма анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысымен (нұсқауымен) немесе сот ұйғарымымен рәсімделеді, онда істің мәні, анықталуға қажет мән-жайлар, іздестірілуі тапсырылып жатқан немесе оларға қатысты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу қажет адамдар туралы деректер және т.б. қысқаша баяндалады.
Тергеушінің, прокурордың ауызша нұсқауы (тапсырмасы) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады.
Құқықтық көмек туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары-ның сауал салулары бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының шет мемлекеттердің осындай субъектілерімен жасаған шарттарына (келісімдеріне) сәйкес жол беріледі.
Мұндай сауал салулар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады, өйткені оларда мәлімделген тарап нақты қылмыстық фактілер-ге, оларды жасаған, іздестіріліп жатқан және хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты.
Халықаралық сауал салуларына тиісті санкциялар бар қаулыларға тіркелуі мүмкін. Сұраушы жақтың мұндай құжат материалдары Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының қызметіне таралмайды. Олар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің негізделгенін дәлелдейді [38,79б].
Қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау ақпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде қылмыстық сипатқа ие емес, бірақ болжамдық жағынан ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы ақпаратқа ие болуы мүмкін.
Оқиғалар деп ұлттық қауіпсіздіктің тиісті түріне зиян келтіруі мүмкін немесе қауіпті шақыруы мүмкін, шын болып жатқан немесе бұрын орын алған фактілер, мән-жайлар, құбылыстар қарастырылуы мүмкін. Оқиғаларды адамдар мінез-құлқымен туғызылған мән-жайлар ретінде қарастырып қана қоймай, сондай-ақ олардың еркінен тыс болып жатқан, бірақ кейін қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін процестер ретінде де қарастырылуы мүмкін.
Көбінесе, қауіпсіздікке қауіпті басқарылмайтын технологиялық процестер (мысалы, ядролық реактор жұмысындағы келеңсіздіктер) не болмаса дербес алғанда қауіпті туғызбайтын, өзге іс-әрекеттермен немесе оқиғалармен жиынтықта оны шақыруы мүмкін іс-әрекеттер туғызуы мүмкін. Бұл, мысалы, электроэнергияны тоқтаусыз технологиялық циклді қондырғылар, өндірістер, цехтардан, химиялық сала немесе ядролық материалдарды, шығындарды, тазалау объектілерді және құрылыстарды, сондай-ақ т.б. пайдаланумен, сақтаумен байланысты объектілерден айыру [39,93б].
Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін, жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы (1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабы). Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі (1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабы).
Жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асыру қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең бір тиімді және қосалқы құралдары ретінде пайдаланылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін оларға саясат, экономика, қорғаныс, ғылыми-техникалық және экология салаларында шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен қамтамасыз ету; қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын жақсы жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету; елдің экономикалық дамуына, ғылыми-техникалық прогресіне және қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсаттарына қызмет етеді.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өкілеттігі, сондықтан бұл жөнінде деректер жинау сол органдардың жедел бөлімшелерімен жүзеге асырылады. Мұнда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган тек өзінің ғана емес өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде деректер жинауға құқылы.
Мемлекеттік құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін апат немесе экологиялық қауіпті аса жоғары объектілер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы шешім қабылдау ҚР ҰҚК-мен қабылданады, тиісінше шешім қабылдау үшін қажетті деректерді жинау бойынша жедел-іздестіру әрекеттері осы органдардың жедел аппараттарымен жүзеге асырылады.
Жедел-іздестіру қызметіне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесінде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқығы, сондықтан оны тиісінше олардың жедел бөлімшелері жүзеге асырады.
Жеке детективтік және күзет қызметімен айналысуға рұқсат беру тиісінше тексеру әрекеттерін жүргізу ішкі істер органдарының лицензиялық-рұқсат беру қызметі бөлімдерінің құзыретінде. Өйткені осы бөлімшелер жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылмайды, қажетті ақпаратты жинау мақсатында жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерімен жүзеге асырылады. Лицензиялық-рұқсат беру қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерімен әкімшілік-тексеру жұмысын жүзеге асыру берілген негіздер бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге ұқсас емес. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге негіз әкімшілік тексеру нәтижелері, көрінеу жалған мәләметтер берілгендігі, жалған құжаттар және т.б. туралы дәлелдейтін деректер бола алады [40,10б].
«Заңмен бекітілген құқықтың орын алуы өздігінен жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін тиісті негіздерді туғызбайды, себебі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдары ие жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу құқығы оларды жүргізу негіздері бола алар еді. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып тиісті тұлғаларды мемлекеттік, қызметтік, кәсіби мүдделерге қайшы іс-әрекет жасаудың болжамды мүмкіндігі болып отыр. Ол тиісті жұмыстарға, мәліметтерге, материалдарға немесе белгілі қызметке қатысуға рұқсат беріліп отырған адамдарға жоғары талаптарды қоюды, сондай-ақ рұқсат беруді рәсімдеуді, жұмысқа алуға, қызметтестік қатынастар орнату және ұстау, лицензия беру жол берілетіндігіне күмән туғызатын мәліметтер талап етеді.