«жшс жас сұңқар» жекеменшік балабақшаларының әдіскері Кусбаева Асельдің 2021-2022 оқу жылына қорытынды есебі. «Жанерке», «Ертарғын»



бет1/3
Дата23.08.2023
өлшемі59,03 Kb.
#179933
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қортынды есеп Асель


«ЖШС Жас сұңқар» жекеменшік балабақшаларының әдіскері Кусбаева Асельдің 2021-2022 оқу жылына қорытынды есебі.
«Жанерке», «Ертарғын», «Жас сұңқар» балабақшаларының әдіскері ретінде 11 қазаннан бастап қабылдандым.
Жалпы жұмыс барысында Меңгеруші Сауле Мәзікенқызы балабақшадағы оқу тәрбие процесінде жылдық жоспармен таныстырып, жұмыс ретін атап өтті. Жалпы маған қарасты 3 балабақшада 8 топ бар.
Ең алғаш жұмыстың басын күн тәртібі мен сабақ кестесі беріліп, топ бойынша перспективалық жұмыс жоспарлары тәрбиешілердің қолына берілді. Сонымен қатар балалардың білім деңгейін анықтау барысында бастапқы диагностикалық нәтижелер топтардан алынды. Топтарда 5 сала бойынша бала білімінің деңгейі анықталды. Соны түзету шаралары бойынша топ бойынша, білім, біліктілік дағды деңгейлері бойынша дескрипторлары анықталып, даму картасында түзету шараларын жүргізу басталды. Жалпы, жылдық жоспарға сәйкес 3 балабақшамызда басты міндет ретінде «Қатынас» және «Шығармашылық» білім салалары басшылыққа алынды. «Қатынас» білім саласы бойынша топ тәрбиешілері ашық оқу қызметін жүргізіп, басты міндет баланың тілдік қорын, сөз байлығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді: атап айтсақ, тақырыптық мерекелердегі тақпақтар, әр түрлі театрландырылған қойылымдар, циклограммаға сәйкес балаларға ертегі оқу т.тағы. Тіпті ол тәрбиешілеріміздің ашық оқу қызметтеріндеде көрініс тапты. Ал шығармашылық білім беру саласы бойынша топ тәрбиешілері ашық оқу қызметінде пәндерді таңдап, ерекше оқу қызметтерін ұйымдастырды. Сонымен қатар, топтарда мерекелер ұйымдастырылып, ата аналармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу арқылы көрмелер ұйымдастырылды.
1 сәуір – «Құстар біздің досымыз».
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай
Аналар мерекесіне орай топ тәрбиешілеріміз балаларының анасы сыйлық жасай отырып, шығармашылық білім беру саласын толықтай ашты деп ойлаймын. Келесі, мамыр айында қорытынды бақылау нәтижесі анықталды. Түзету шаралары бойынша қандай жұмыстар жүргізілгендігін даму картасында бейнеленді. Ақпан айында Қыс қызығы тақырыбында әр топта балалармен қызықты ойындар, шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Наурыз айында ертеңгіліктер бойынша 8 наурыз -Аналар мерекесі өз топтарында аталып өтті. Ал 22 наурыз Ертарғын, Жанерке, Жас сұңқар балабақшаларында театр қойылымы шақырылып, кең көлемде аталып өтті. Наурыз айында ұлттық ойындар ұйымдастырыпһлып, жеңген баллаларға мақтау қағазы табысталды. Сонымен қатар наурыз айында топ тәрбиешілерінің құжаттарын реттеу мақсатында ішкі бақылау жүргізілді. Ішкі бақылау нәтижесінде мындай кемшіліктер байқалды:

  1. 5 сала бойынша көрнекіліктердің, ойын түрлерінің жеткіліксіздігі;

  2. Әлеуметтік карталардың толық толтырылмауы;

Мамыр мерекелері де әр топта тақырыптық, тәрбие сағаты ретінде жүргізілді. Ал азаматтық қорғаныс және жолда жүру ережелері бойынша тек қана ЖАс сұңқар балабақшасынан ғана есеп берілді. Мамыр айының 16-20 аралығы жыл бойғы өткен тақырыптар бойынша ағылшын тілінен қорытынды сабақ ұйымдастырылды. Мұнда жалпы 3 топ бойынша 7 топқа ағылшын тілі жүргізілді. Олардың ішінде Сұңқар және Құлыншақ тобында 3 жастан балалар болғандықтан, әндермен түстерді анықтау бойынша жеңіл түрде жүргізілді. Өйткені, балалардың тілдері енді қалыптасып келе жатқандықтан, тілдерін басқа тілмен шатастырып, анық сөйлеуін жаттықтыру мақсатында болды. К?елесі ересек топтарда Қошақан және Құлыншақ топтарында оқу қызметінде, түстер, сандар, жануарлар, жемістер мен көкөністердң атын атау, әр түрлі сергіту жаттығулары жәнеде әуен арқылы ағылшынша сөздер жатталды. Мад топтарында Мамандық, санау, пішіндерді айту, өзін таныстыру, жабайы және үй жануарларының атын атау, көлік түрлері сынды тақырыптар, Бәйтерек тобында ертегі қойылымы да қамтылды. Балалалардың ағылшын тілін жүргізу барысында қабілетті балаларда анықталып, сабаққа деген қызығушылығын да байқадым.
23-29 мамыр аралығында 3 балабақшаның қоштасу кешіне дайындықтар басталып, қоштасу кеші ұйымдастырылды. 26 мамыр Жанерке және Ертарғын балабақшаларында қоштасу мерекесі өтті. Жалпы топтар мен тәрбиешілердің дайындықтары жоғары деңгейде болды. Кеш соңы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Келесі жазғы сауықтыру шараларының жоспарымен таныстыра өтейін.




  • Балалардың қызығушылығын аттыру, балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуаныш сыйлау.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет