Өсек қорымында (Өсек өзенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызьшған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналасқан.Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір құрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына катаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақтізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір кыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумактық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен .
Кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгеріс- терді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.
Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің казіргі сатысында А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір қорымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың үштасуы болып табылады. Біз сақтар мен үйсіндердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірақ олар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялық топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңцеріне тән екенін көрсетеді. Әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек. Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.