Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалкамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.
«Іле» кезеңі (б. з. Ill—V ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының кейінгі сатысы. Зерттелген көп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үңгірқора-2, Шолакжиде-1 қорымдары. Соңғы кезеңде зираттардың жүйесіз салынуы дағдылы болған, кейде бірнеше тізбек (әркайсысында 5—7 үйіндіден) қыстау-қоныстың маңына орналасады (Ақтас тобы). Кейде үйсін қабірлері арасынан бірлі-жарым түрік обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөңгелете тас қалаған обалар жасалмай, тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірлер екі түрлі — жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақат. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек көзелер, дөңккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды. Үйсін мәдениеті op түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл — 600—700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.