Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Романов пен С. Иванов: «ЖүсіпБаласағұнидің „Құтты білік“ поэмасы ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», — деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де енген. Қазақ ғалымдары Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Қоңыратбаев, М. Мырзахметов еңбектерінде бұл көне жәдігер әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғыдан зерттелді. Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, филологиялық толғамдары терең. Орта ғасырдағы көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1017-1075)«Құтты білік» дастаны – әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірінен саналатын өлеңмен жазылған трактат. Түркі халықтарына ортақ классикалық көне дәуір туындысында халқымыздың рухани жан дүниесі мен өмір салты терең ашып көрсетілген.Дастанда сондай-ақ жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері ел басқару, құқықтық, этикалық және т.б. Имандылық мәселелері қамтылған.
«Құтты білік» дастанында ақын елдіңәкімдерге қоятын және әкімдердің елгеқоятын талаптарын ашып айтқан. Ел билеген әкімдерге мынадай сөз дер айтады: «Ей,әкім, халықтың сенде үш түрлі ақысы бар,сен сол ақысын төле, сөйтіп, өз жаныңа жәбірлік жасама. Бұл ақының бірі – ақша ның нарқ ын көтеру, ақшақұрамындағы алтын мен күмістің үлесін арттыру, оның төмендепкетпеуін қадағалап отыру. Тағы бірі – ел үшін сенімді, берік жәнеәділ заңдар шығару, мұны ел сенен күтеді. Үшіншісі – жолдарды қарақшылардан, адам өлтірушілер ден тыныш етіп, сақтай білу». Сонымен қатар әкім дер елге мынадай үш талап етуге құқылы дейді: «Бірі – сен қандай жарлық шығарсаңда, жұрттың бәрі оны сөзсіз тез ісі – мемлекет салықтарын уақытында жомарттық пен мемлекет қазынасына тапсырып тұрсын. Үшінші бүкіл халық досыңа дос, дұшпаныңа дұшпан болу керек».
Поэманың кейбір үзінділерінен орыс тіліне бірнеше рет С.Е.Малов аударып шықты. Еркін аудармасы «Ғылым бағытқа ие» деген атпен 1971 жылы И.Гребнев арқылы жүзеге асып, жоғарыда айтылғандай, К. Каримов «Кұтадғұ білікті» өзбек тіліне аударды. Р.Р.Арат жоғарыда айтылған үш қолжазбамен үлкен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, 1947 ж. ғылыми жинақты жазып шықты. «Құтты білік» атты «Құтадғұ біліктің» толық мәтінін орыс тіліне С.И. Иванов Москвада 1983ж. аударып шықты. Жекелеген бәиіттердің басылымы академиялық дәрежеде академик А.И.Кононов пен С.И.Ивановтың редакциялық етуімен жүзеге асты. 1970 ж. Ленинградта «Құтадғұ білікке» арналған ІV-түркологиялық конференция өтіп, онда бұл ескерткішті терең зерттеудің ауқымын кеңейту қажеттілігі айтылып өтті. Баласағұни шығармашылығын жалпы мәдени орта көлемде алғашқы араб халифатының құрылуымен байланысты зерттеу керек екенін алғаш неміс ғалымы Отто Альбертс ұсынды, ол Баласағұн көзқарастарының әйгілі ғалым Ибн-Синамен байланысын, атап айтқанда, оның этика туралы көзқарастарының ұштасып жататыны туралы айқындамасын ұсынды. Сонымен қатар, Альбертс Аристотель мен Жүсіптің этикасын салыстырып зерттеуге әрекет жасады. Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд пен С.Е. Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалымдары С.Э.Бертельс пен А.И.Самойлович, А.И.Кононов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Бірақ бұл ескерткіш лингвистика, әдебиеттану және тарихи - мәдениет саласында құнды бола тұрса да, шығыстың ойшыл ғалымының еңбектерін зерттеу көбінесе тарихи-филологиялық жоспарда жүрді. Ғалымдар еңбектің философиялық тұрғыдан зерттелуін ұлғайтудың қажеттілігі туғанын атап көрсетті. Баласағұнның «Құтадғұ білігі» сол кездегі ресми әдеби тіл–араб тілінде емес, түркі халқының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Мұны Баласағұнның ана тілге сүйіспеншілігі, халықтың төл перзенті, шынайы өкілі деп білуге болады. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айырыла қоймаған ортаазиялық қараханидтер әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да, бұл еңбек көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А.А.Валитова. Бірақ «Құтадғұ білік» тек қана саяси трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен мәдениет салаларының да дамуын да көрсетті. Бұл еңбек автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының тереңділігін, адам құқының сол замандағы дамуын көрсетеді. Жалпы алғанда, Баласағұн еңбегі кең көлемді философиялық мінез-құлықты, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғұ білік» поэмасы түрік тіліндегі мұсылман дінін үгіттейтін бірден-бір ежелгі еңбек болып есептеледі деп атап көрсетті А.И.Кононов. Поэманың философиялық негізінде мұсылмандық элементтер қалыптасқан деп есептеледі. А.И.Кононовтың айтуынша, Ж.Баласағұнның «Құтадғұ білік» поэмасы әзірге, ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман идеологиясына негізделген және сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты тарихи-философиялық ғылыми шығармасын жан-жақты зерттеу казіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта ғасырлық халқымыздың мәдениетін, шығыс мәдениетімен салыстыра зерттеуге жол ашады» («Құтты білік» ескерткішінің тарихи танымының қалыптасуының көркем-идеялық әсері» Ж.Абеуова, Б.Х.Тажибаев. Тараз қаласы). Ендігі сөзді өзіміздің және де өзге елдердің ғылым әлеміне берейік: «Құтадғу білік» - мұсылман иделогиясына негізделген, сол идеологияны насихаттайтын, түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек. Дастанда қай заманда болсын барлық ғалымдарды толғандырып келген жалпы адами идеялердың, ізгі мұраттар мен ойлардың өзіндік ерекше көркем де, аса айшықты бейнеленуі -поэманың сарқылмас рухани қазына көзі екендігінің дәлелі» (Андрей Кононов, академик-ғалым, филолог, түркітанушы). «Құтадғу білік» - ежелгі ұйғырлардан қалған құнды еңбектердің бірі. Туынды атауының негізгі бөлігін құрап тұрған «құтадғу» сөзі «құтадмақ» етістігінен шыққан. Ал «құтадмақ» - «құт иесі ету, құтқа жетуіне көмектесу» деген мағынаны білдіреді. «Құтадғу білікті» неміс тіліне аударған ғалымдар Вамбери мен Радлов кітапта жиі кздесетін «құт» сөзін «бақыт» деп, ал «Құтадғу білік» дегенді «Бақыт әкелетін ілім» деп аударған. ...Бүкіл түркі халқына ортақ ұлы тұлға, ойшыл ақын Жүсіп Хас Қажыб «Құтты білік» атты өлмес еңбегінің атауына енген «құт» сөзін данышпандықпен таңдап алған. Себебі, түркі мемлекеттігінің тарихында «құт» сөзі ерекше рөлге ие. Ежелгі түркілердің нанымы бойынша, құт дегеніміз – қандай да бір билік күші емес, ол – киелі сипатқа ие рухани күш. ...Меніңше, «Құтадғу білік» -мемлекетті басқару ғылымы (саяси билік ғылымы)» (Садри Максуди Арсал, татардың тарихшы және тіл танушы ғалымы, саясаткер). «Атақты ұйғыр ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұн (шамамен 1018-1086) Қырғызстан Республикасының Баласағұн қаласында туған. Ол «әрбір адам қоғам алдындағы өз міндетін орындап, өзінен кейін жақсы атын қалдыруы керек» деп есептеді. «Бәрі де дүниеде ұмытылады, - деп жазады Жүсіп, - тек «ізгі істер» мен «дана сөз» ғана ажалды білмейді». «Құтадғу білік» дастаны – әлем мәдениетіндегі таңғажайып құбылыс. Жүсіп Баласағұн өзінің шығармашылық данышпандығымен түркітілдес халықтар жалпыәлемдік мәдениеттің дамуына өз үлестерін қоса алатындығын дәлелдеді» (Азиз Нарынбаев, ұйғырдан шыққан тұңғыш философия ғылымының докторы, академик-ғалым, тарихшы, Қырғызстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері). «Жүсіп Баласағұн түркітілдес халықтың тағдырын көктемде болатын жандану, ояну, қайта түлеу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп, теңеген» (Немат Келімбетов, филолог ғалым, түркітанушы). «Жүсіп қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі қаланың бірі – Баласұғында туған. Осыдан Жүсіп Баласағұн аталып кеткен. Бұл қала сол кездердегі Қарахан мемлекетінің бір астанасы, әкімшілік және сауда-саттық орталығы болған. ...Әр елдің данышпандары біздің кітабымызды өздерінше атап жүр. Қытайдың ойшылдары «Мемлекет иелерінің даналық ережелері» деп атаса, Үнді кемеңгерлері оны «Жайлы басшылық кітабы», шығыс патшалықтары «Хүкмет әшекейі», парсылар «Бақытқа жеткізетін ғылым», кейбіреулері оны «Патшаларға кеңесші кітап» деп атап кеткен. Ал түріктер жерінде бұл кітапты «Құтадғу білік» дейді» (Ханғали Сүйіншәлиев (1918-2006), философия ғылымдарының докторы, профессор). «Тарихи деректер бойынша Баласағұн («Бала» - көрікті қашалған тас, «сағұн» - қала деген моңғол сөзі) Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі түркі қалаларының бірі болған» (Гүлжамал Қортбаева, филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультеті түркітану және үндітану кафедрасының доценті). Күнт уд ы де ген патш а өзі нің әділ саяс ат ы мен жер-жиһ ан ға есі мі белг і лі бол а ды. Құ ді ретт і де әділ патш ан ың атақ-даң қын ес тіп, оған іш тей тән ті бол- ған Айто л ды де ген да нышп ан сол пат- шан ы ізд еп, алыс жол ға атт а над ы. Ұзақ са пард а көп қи ынш ыл ықт арғ а ұшы рап, ақы ры Күн ту дын ы із деп таб ад ы. Патш а алд ым ен Айто лд ын ы жан-жақ ты, әб ден сы нап кө ре ді. Ақыр ы, патш а оны өзі не уә зір етіп ала ды. Пат ша ен ді мем ле кет тің бар лық іст е рін уә зі рі не сен іп тап сы рад ы. Айт олд ы уә зір ке зін де ел-жұрт тың жағ- дайы жақс ар ып, бақ-дәу ле ті арт а түс е ді. Жа зылм ас дертк е шал дыққ ан Айтол ды күн дерд ің күн ін де жар ық дүн иемен қош тас ад ы. Уәз ір ажал төс е- гінд е жат ып, Күнт у ды пат шағ а жән е жаст ай қа лып бар а жатқ ан бал ас ы Өгдүл- мішк е өсие т-уа ғыз айт ад ы. Арад а талай жыл дар өтед і. Өгдүлм іш ер же тіп, Күн ту ды пат шан ың қа ра ма ғы- на қыз мет ке тұ рад ы. Ол жас та бол са, аз уа қыт тың ішін де-ақ өзін ің іс кер ліг і мен, білг ірл і гі мен, адам гер шіл і гім ен көзг е тү- сед і. Бір те-бір те ол әке сі нің орн ын бас ып, пат ша ның ең жақ ын, се нім ді адам ы бо- лад ы. Пат ша ен ді мем ле кет іст е рін со ған тапс ыр а ды. Өгд үлм іш ел бас қар у ісін әке- сі нен де жақс ы жүр гіз ед і. Ел-жұрт тың бақ-дәул е ті есел еп арт ып, ол бас қарғ ан мемл ек ет жай қалғ ан гүлстанғ а ай на лад ы. Бір күн і пат ша Өгд үлм ішп ен әңг і ме ле сіп отыр ып, оған кө мекш і бо луғ а жа райт ынд ай біл гір, іс кер адам ке рек тіг ін ай та- ды. Сон да Өгдүлм іш іс ке әбд ен лай ықт ы бір туы сқ ан ы бар еке нін еск ер те ді. Ол адам ның аты Од ғұрм ыш екен. Патш а Өгдүл міш ке қа лайд а сол кіс і ні тауы п, мағ ан ерт іп әкел деп өтін іш жас айд ы. Өгдүл міш көп ізд еп, ақы ры Од ғұрм ышт ы та ба ды. Бір ақ ол бұл өмірд ің бар қыз ы ғы нан бе зіп, тәрк і дү ние жо лы на түск ен дә руіш бол ып, тау кез іп кетк ен екен. Дан а-дә руіш бес күнд ік пән и өмір дің күй бең тір ші ліг і не қай тып орал ғыс ы кел- мей тін ін айт ып, пат ша сар ай ын да ғы жоғ ар ы ла уа зымн ан, абы- рой-атақт ан, дү ние-мүл ікт ен бас тар та ды. Патш а Өгдүл мішт і үш рет жұмс ап, Одғұр мышт ы қай та-қайт а ша қы ра ды. Бір ақ дә руіш пат ша сар айы на бар майд ы. Күн ту ды үшін ші рет ша қы рт қан да дан а-дә руішт і қыз метк е емес, ме нім ен жай әң гі мел ес іп, қо нақ бол ып кетс ін, біз ге өси ет-ғиб рат айт сын деп сә лем ай тад ы. Сонд а ған а Одғұр мыш пат ша ға кел е ді. Еке уі ұзақ сұх бат құ ра ды. Бір-бір і не сұр ақ қой ып, жау ап бер ед і. Со дан кей ін Одғ ұрм ыш қай та дан дә руіш дор бас ын асын ып, тауғ а қа рай кет е бар а ды. Ақыл ы көл-көс ір дә руішт ің бұл қыл ы ғы Өгдүлм ішт і ауы р ойғ а са ла ды. Адам жас ы кел іп, қо лы на тая қ ұст ағ анд а бұл өмірд ің күн- де лікт і күй бең іс тер і нен бе зіп, ар ғы дү ние лік дә руіш бол ып кет уі кер ек пе? Әл де әр кім өзі нің ғұ мыр бойы жа сап кел ген жұм ы сын өле-өл ген ше іс тей бер ге ні жөн бе? Өг дүл міш осы сау алғ а жауа п тап пай, дал бол ад ы. Ақы ры ол тауд ың бір үңг і рін мек ен етк ен дәр уіш – Одғ ұр мыш қа ба ра ды. Дәр уіш оған: «Бұл өмірд е адамд ар үшін ең бек ету – сауа п іс, сон дық тан өз мін дет іңд і бұр ынғ ы ша АРМАН-ПВ баспасы «Құтты білік» - түркі елінің ел болу жолындағы қоғамтану, елтану дастаны десе де сияды. «Құтты білік» жазылған тұста «Игорь жасағы туралы жыр» да, «Моңғолдың құпия шежіресі» де дүниеге келмеген-тін. Орта Азия, түркі тарихының аласапранға килігіп, түркі дарабоздарының шашасына да, санасына да шаң тимеген тұнық тұста туған туынды сонысымен де қымбат. ...«Құтадғу білік» дастанының Орхон-Енисай жазбаларымен (Ү-Ү111 ғасырлар) тамырластығы және Х1Ү-ХҮ ғасырлардағы қазақ жырауларының үрдісімен, классикалық қазақ әдебиеті үлгілерімен сабақтастығы өркени әдеби дәстүр арнасын танытады. Қазақ мақал-мәтелдерімен, қанатты сөздерімен, шешендік сөздер табиғатымен, Абай тағлымының, Шәкәрім қажының көркемдік дүниесінің Жүсіп Баласағұнның рухани көркемдік әлемімен жарастығын білдіретін желілер өте көп. «Құтты біліктегі» қазіргі қазақ әдебиетінде қаз-қалпында жүрген ұшқыр сөз, мақал-мәтелдердің бірқатарын өзбек, қырғыз, татар, ұйғыр халықтарының әдебиетінен де кездестірдік. Осылардың өзі-ақ дастанның поэтикасының тарихилығын меңзейді. ...Соңғы бес ғасыр жырауларының шығармаларынан да өлең құрылымы, ұйқас тізілімі, мазмұн үндестігі, ой сарындастығы, поэтикалық рухы жағынан «Құтты білікке» қабысып түсіп отыратын тұстарды тым көп ұшыратамыз. ...Сондықтан да «хан тілі» десек те, «қарлық-қыпшақ», «оғыз-қыпшақ», «түркі тілі» десек те, «Құтты біліктің» қоспасы аз, таза түркі тіліндегі шығарма екендігі даусыз». (Асқар Егеубай, ақын, филолог ғалым, «Құтты білікті» алғаш қазақ тіліне аударушы). Бүгінгі бүкіл әлем ғылымының Жүсіп Баласағұни және оның ұлы еңбегі «Құтадғу білігі» жайлы бар білетіндері осы. Өздеріңіз көріп отырғандай әрқайсысының ой-тұжырымы әр жаққа тартады, бірде-бір тарихшы ғалым Жүсіп Баласағұнидің қай ұлттың өкілі және оның «Құтадғу білігі» қай елге арналған және олардың бүгінгі мұрагерлері кім деген сұраққа жауап бере алмаған. Демек, бүгінгі қазақ тарихы ғылымының жеткен жері, шыққан «шыңы» осы. Келіңіз бірге саралайық: - «Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді» делінеді. Қате тұжырым. Қалыптаспаған салт-дәстүрі жоқ ел, басы бірігіп мемлекет құра алмайды. Ал, бүкіл әлемге билігін жүргізген Қаған басқарған Қағанатқа бұлай баға беру, бұл енді барып тұрған сауатсыз, көрсоқырлық. Бұндайды аталарымыз «Көрмес түйені де көрмес» деп бір ауыз сөзбен тұжырымдаған. Бүткіл жер бетінде қазақтың ата салтынан асқан заң болып көрген емес және ешқашан бола алмайды да. Біздің қазіргі заң деп жүргендеріміз күніне «мың» құбылады. Ал, қазақтың ата салты (ата заңы) 70 000 жылдан бері бір өзгермей келеді. Міне заң деп осыны айт. Сөз түсінген жанға осындай білімді, шариғат пен тарихатқа терең бойлап, ақиқатқа көз жеткізіп, мағрипатқа өткен жан ұлы қағанаттың бас уәзірі болып отыр. Демек, осындай жанды Әділет сүйгіш, білімді жанды бас уәзірі (хас қазысы) етіп тағайындаған Қағанның білімі де одан кем болмаған. Егер мемлекет құрылымы, оның билігіндегі жандардың өмірге деген көзқарасы, ұстанған бағыты, білім деңгейі осындай білімді болмаса бұл еңбек ұлы Қағанаттың екінші адамымен жазылмаған болар еді. Біз мынаны айқын түсінуіміз керек, бұл жерде Жүсіп атамыздың жалпы ойдан шығарған ештеңесі жоқ. Бұндағы ғақлият сөздердің бәрі ежелгі Ұлы Адтардан қалған сөз. Оны ақын кітаптың атымен де айқын көрсеткен. «Құтадгу білік» дегенімізді бүгінгі тілге аударсақ ежелгі Ұлы Адтар Қу Һұд аталарымыздың білімі болып шығады. - Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақтың зерттеуші-ғалымдарының ешқайсысы (Асқар Егеубай, Н.Келімбетов, Ж.Абеуова, Б.Х.Тажибаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Кортбаева т.б.) «тарихат» деген сатыдан өтпегендіктен өзіндік ой-пікірлері жоқ, бәрі де «бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай» өзге елдің (А.И.Кононов, С.И.Иванов, С.Э.Бертельс, А.И.Самойлович, И.Гребнов, С.Е.Малов, А.И.Щербак, Г.Ф.Благова, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, А.А.Валитова, Жауберт Адамс (француз ғалымы), Герман Вамбери (венгр ғалымы), Отто Альбертс (неміс ғалымы), С.М.Арсал (татар ғалымы), А.Нарымбаев (ұйғыр ғалымы) т.т.) аузына қарайды. Олар не айтса соны қайталайды. Осындайда ғалым бола ма екен, күні кеше (бар-жоғы бір мың жылға да жетпейді) арамыздан кеткен өз аталарын тани алмай жүрген. Осыншама өзге елдің ғалымдарының ешқайсысы Оғыз-Қарахан мемлекетінде, еңбектің авторы Жүсіп Баласағұнды да «менің Атам» деп айта алмаған. Олар оны бұдан мың, он мың, жүз мың жылдан кейінде айта алмайды. Себебі, біреудің атасын менің атам деп атау, бұл барып тұрған ақымақтың ісі болған болар еді. Демек, оларды өзгенің атасына менің атам деп жабыспағандары үшін де «ғалым» деп атауға болады, ал ол біздің жағдайымызда керісінше болмақ. - Қолымыздағы бар деректерді және жырдың мағынасын саралауға ешқашан жаңылысып көрмеген, бүкіл әлем шежіресінің кілті, яғни бүгінгіше айтқанда «коды» қазақтың ана тілін, оның «сөз түбірін» және Адай шежіресін қолданамыз: «Құтадғу білік» - Қу, Ұд, Құт (Құд), Ад, Гу (Адгу) деген біріккен сөздерден тұрады. «Құт. Мейрам сопы ертерек өліп қалып, Нұрфая бәйбіше көп заман бес берекенің біріне қосылған бәйбіше болып, халқына ұйтқы, құт бәйбіше атанған екен (М-Ж., 16). Шолпан бір ұл перзент тауып, сол себепті «аяғы құтты» болды (М. Дулат, 134); «Құт» сөзінің бүкіл Сібір түркілерінде шамандық дүниетаныммен араласып жатқан ұғым екенін аңғару қиын емес. Қамның негізгі айналысатын ісінің дені осы «құт». Өлген адамның құтын құрметтеп шығарып салу, ата-бабалардың құтына арнап ас беру, құрбандық шалу; ауырған, бағы тайған адамның қашқан құтын қайтару т.т. сияқты аса күрделі міндеттер шаманға жүктеледі. «Құт» сөзі жалпы түркілік. Байырғы түріктерде бірнеше мағынада қолданылған: 1. жан, өмірлік күш, рух; 2. бақыт, дәулет, жақсылық, жолы болу, бағы ашылу т.б. 3. кісілік, ұлылық; қазақ пен қарақалпақтарда құт: 1. өмірлік, күш, рух; 2. мал-жанды қорғайтын тұмар; 3. бақыт; тувалықтарды құт: жан, тіршілік көзі; хакастарда хут: жан, рух, өмірлік күш; монғолдарда хутаг: бақыт, жақсылық; манчжурлерде хуту: бақыт (Баскаков Н.А. Яимова Н.А. Шаманские мистерии Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1993. С 11. Қорқыт ата: 596). Кейбір зерттеушілер Қорқыт сөзінің түп төркіні «көр» және «құт» деген екі сөзден тұратындығы. Осы орайда «көр» сөзінің гор, гөр, гур сияқты фонетикалық нұсқалары болғанындай, «құт» сөзінің де гут, ғұт, хут дейтін варианттары кездесе береді. Сондықтан да әуелгіде Ғұрғұт, Гөргут, Горгуд, Көрхут, Көрғұт сияқты тұлғаларда айтылуы әбден ықтимал. Әзірбайжанша қазір де Горгут, түркіменше Горкут болып айтылады. Құт адамға желеп-жебеуші киелі күштердің, рухтардың, басқа дүние иесінің арқасында қонады. Оны кері қайтарып алатындар да сол күштер. Қатты қорыққанда «құты қашты» дейді қазақтар (Қорқыт ата: 596). Л. Будагов құт сөзінің бірнеше мағынасын береді соның бір-екеуі мынадай: дж. тат. قوت кутъ, жизнь, счастье; сердце, храбрость, въ алт. душа, присутсвіе духа: قودي جقتي душа вышла, т.е. растерялся отъ страха, кир. құтты күн счастливый день, құттықтау желать здоровья, счастья, дать благословеніе, обиліе (о Бог) [19, б.69-70]. Қазақтар «құт» келді деп әр нәрсені ырым – жора ретінде тұтынған. «Құт» кетсе ырысым бірге кетеді деп түсінген. Табиғаттың құбылыстарын да: жаңбыр, қар молынан жауса соған байланысты адам өміріндегі өзгерісті «құтты» құбылыс деп ұққан. Қ. Халид: Тарихшылар «Құдатғу білік» туралы осы кітап атына аса қанық болмағаны үшін біраз түсінік жазу керек болды. «Құдатғу білік – құтадғу білік» боп жазыла береді, екеуі бірдей білік – білу, «құд» - күт (екеуі – құт) дегені бұл арабтың «күтіб» сөзінен алынған, тіл – сөз. «Құтыб» – әр нәрсенің баянды боп байыздап тұруына айтылады, сол үшін «құтыб жұлдызы» атауы бар (Темірқазық жұлдызын айтып отыр). «Құт» – бақыт мағынасында, «оған пәлен жерге құт болды» дейді, яғни «сонымен ол бақытты болды» демекші, құттықтағанда «құтты болсын» деу осыдан». Осы кітапта берілген түсінікте: «Құт» атауы арабтың «құтыб» сөзінен алынды деу шындыққа келмейді. «Құт» – өз алдына ұғым беретін ертедегі түркі сөзі, мағынасы – «бақыт», «жан», «бақытты болу» – дейді [57, б.240-297]. Құт а. [құт: пища, пропитание] – изобилие; счастье; благодать. (КРТСАИЗ, 171); Құт зат. Бақыт, береке (ЌТТС, 96); КУТ– құт, бақ, дәулет (М.Қ.); Құт > дәулет. Құт > көт <> кот. Қорытынды 1 Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар.
Тіл — арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!
2 Не дейді, ұққын, тілден жапа шеккен ер,
Құлақ салып, амал қылып, есті елер:
«Тілімнен көп жапа шектім, есебім:
Бас кесілмес үшін, тілді кесемін!
1 Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»
Біліп айтқан сөз — білікті, саналар,
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.
2 Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,
Бір сөзбен шеш түмəн сөздің түйінін.
(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,
Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)
1 Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,
Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.
Көп сөйлесең, «Езбесің» деп жек көрер,
Сөйлемесең, «Мылқау» екен — деп сөгер!
2 Бұлай болса, тең ортасы — керегің,
Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
1 Туған адам өліп сөзі қалады,
Өзі кетіп, ізгі аты қалады!
Қалар мұра — сөз, кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
Баласағұндық ғұлама, дана ақын, ойшыл білік иесі Жүсіп Хас Қажыбтың айнаға қарағандай болжағандары айна-қатесіз келді де тұрды. Құт кітабының соңғы тарауларында Жүсіп білге: «Тілім сөйлеп, қолым жазды бұл сөзді, Қол да, тіл де семер – өлер, біл, өңдім!» - деп жазып еді. Ғұлама озды дүниеден. Қолы семді. Тілі өлді. Шырағы сөнді. Құтты білігі қалды. Он ғасыр асып бүгінгі бізге жетті.