Жүсіпбек Аймауытов



Дата29.01.2018
өлшемі3,68 Kb.
#36189
  • Ж.Аймауытов қазіргі Павлодар облысының Баян­ауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 15-16 жасында Павлодарға барып, орысша-қазақша екі кластық мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
  • 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. 1911-1914 жылдары ауылда мұғалім болып істейді.
  • 1919-1922 жылдары – Республика Халық ағарту комиссариатының алқа мүшесі, Семей губерниясы оқу бөлімінің бастығы, “Қазақ тілі” газетінің редакторы. “Еңбекші қазаққа” да басшылық жасайтын кезі осы тұс.
  • 1922-1924 жылдары Қарқаралы өңірінде мұға­лімдік қызметте болады. 1924-1926 жылдары “Ақ жол” газетінде әдеби қыз­меткер (Ташкент), 1926-1929 жылдары Шымкент педагогика техникумының директоры қызметтерін атқарады.
  • 1929 жылғы басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде қамалып, 1931 жылы атылды.
  • Ж.Аймауы­тов өзі­нің қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қал­дырған жан. Оның “Қарт­­қожа”, “Ақбілек” ат­ты романдары мен повесть-пьесаларын қазір де жұрт қызыға оқиды.
  • Ж.Аймауы­тов өзі­нің қысқа ғұмырында атына аса бай әдеби, ғылыми мұра қал­дырған жан. Оның “Қарт­­қожа”, “Ақбілек” атты романдары мен повесть-пьесаларын қазір де жұрт қызыға оқиды. “Тәрбиеге жетекші” (1924 ж.), “Пси­хология” (1926 ж.), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (1926 ж.),т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет