Жунисова Зинура Шарипхановна педагог мәртебесін көтеру


бес жылда емес, 3 жылда бір рет



бет2/2
Дата26.01.2022
өлшемі17,69 Kb.
#114971
1   2
Байланысты:
макала
Avtomobilder men traktorlardy tezheush zhyeler 1423892152 100984, практика 4 Баратова
бес жылда емес, 3 жылда бір рет біліктілігін арттыру сынды ұсыныстар мен мәселелер толық ескерілуі керек.

Сонымен қатар, педагогтар мәртебесі туралы заңмен қатар, «Білім туралы» Заңға да, бала құқығы, ата-ананың жауапкершілігі туралы нормативтерге де өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі керек. Себебі, бүгінгі XXI ғасырда ұстаздың қағазға сабақ жоспар жазып немесе компьютерде жоспар жазып, оны шығарып алып қол қойғызып жүруі, үй аралап кезекшілік жасап, әкімдердің есептік жиналыстарында бос залды толтырып жүруі – ұят. Заңда ұстаздың міндеті толық белгіленсе, оның сыртындағы шаруадан әр ұстаз заң бойынша бас тартуға құқылы болар еді. Осы заң негізінде әркім өз жұмысын атқарса, онда тәртіп болады. Тәртіп болған жерде нәтиже де болады. Менің ойымша, «Педагогтар мәртебесі» туралы Заңда, бірінші кезекте мұғалім мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілуі тиіс. Себебі, бүгіндері білім беру саласы әбден орныққан, білім экспорттаушы елге айналған Еуропаның бірқатар дамыған елдерінде мұғалім мемлекеттік қызметкер саналады. Ол елдерде педагогтар арнайы құқықтық мәртебеге ие.

Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. Бір айта кетерлігі, педагог болудан кейінгі жас буын басын алып қашады. Өзі ұстаздан тәлім алса да, келешегін білім-ғылым саласымен байланыстырып елестете алмайтындар қатары көбейгені сөзсіз. Неге? Ұлы ақын Абайдың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген сөзін бала кезден санамызға сіңірдік, енді балаларды да осы тұрғыда тәрбиелеудеміз. Бірақ, қазір жастар арасында осы жолға бет бұратындар саны жылдан жылға азайып барады. Олар мұғалімдік мамандық «болашақта қажетсіз мамандық» дегенмен түсіндіргісі келеді. Уақыт дәлелдегендей, денсаулық пен білім мәселесі қай заманда да қажеттілігін жойған емес. Қай заманда болсын, әріп үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі жойылмақ емес. Елбасымыз халыққа Жолдауында: «2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», ‒ деді. Елбасының осы қамқорлығы барша әріптестерімді қуантты.

Әлемде мыңға тарта мамандық бар, соның бірде-біреуі болашақ қоғамның белсенді мүшесіне және азаматтық тұлғасына білім мен тәрбиені дәл ұстаздай бере алмайтыны анық. Бүгінгі партада отырған шәкірт ертеңгі күні қоғамды алға сүйрейтін маман, көшбасшы болады. Олай болса, мұғалімнің мәртебесіне қоғамның мәртебесі тұрғысынан қарайтын уақыт жетті деп ойлаймын.


Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру. Ал, мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет