Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі


Тарих сабағы және оның түрлері



Pdf көрінісі
бет11/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#94635
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі (1)
биология1, Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі (1), Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі (1), қол сүйектері, Taym-menedzhment pdf
 
Тарих сабағы және оның түрлері 
Жалпы оқушылардың оқу жҧмысының кӛптеген тҥpлepi бар. 
Олар сабақ, кеңес, сынақ семинар жене конференция, оқу 
саяхаттары болып бӛлінеді. Мемлекеттік мектептерде оқытудың 
негізгі тҥpi - сынып - сабақ деп аталады. Бҧл жердегі сынып - 


43 
бірыңғай базалық білім алатын, жастары шамалас, қҧрамы 
тҧрақты оқушылар тобы. Ал сабақ - сынып оқушыларының 40-45 
минуттан тҧратын оқуы. Бҧндай оқудың санын мектептің оқу 
жоспары, ал мазмҧнын мемлекетік стандарт пен оқу бағдарламасы 
айқындайды. 
Кез келген сабақ тҥрі мақсат қоюдан бастама алады. Мақсат 
дегеніміз – жалпы ойдың, ойлау қызметінің нәтижесін алдын ала 
бағдарлап алу және соған жету. Мақсатты қалай айқындауға 
болады? 
Біріншіден, мақсатты оқушылардың білімдерінің нәтижесін алу 
деп қарау керек; 
Екіншіден, мақсатты жоспарлау керек; Ҥшіншіден, мақсатты 
тақырыптың маңызды бӛліктеріне сҥйене отырып анықтау керек; 
Тӛртіншіден, негізгі ойларды анықтау керек. 
Сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау сабақтың материалына 
қҧрылымдық-фукциональдық талдау деп аталады. Қҧрылымдық 
талдау дегеніміз – логикалық тҥрде тақырыптың мазмҧнын 
мҧғалімнің ӛңдеуі, онда негізінен тарихи фактілер, теориялық 
жағдайлар, оқулықта берілген фактілерді ӛзінің ойлау кӛзқарасымен 
тікелей байланыстыру жҥзеге асады. 
Функциональдық талдау дегеніміз – бҧл білім беру, тәрбиелеу, 
дамыту мағынасында анықтамаларды қолдана отырып негізгі 
фактілерді, теориялық жағдайларды анықтау.
Мақсатты жҥзеге асыруда оқушылардың эмоциясына сҥйену 
анағҧрлым тиімді болып келеді. «Оқушылардың зейіні, кӛңілі адама 
санасына баратын негізгі қақпа» деп Ушинский атап кӛрсеткендей 
материал эмоциональды әсер ететіндей ойлау қабілетін дамыту 
ҥшін: 
1.
Материалды соған сай таба білу керек; 
2.
Оқушыларды тарихи оқиға мен кеңістікке бӛлуге ҥйрету 
керек; 
3.
Фактілерді салыстыруға ҥйрету арқылы ойлауды, қиялды 
дамытуға болады; 
4.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту керек. 
Практикада тарихты оқыту ортақ, ҧқсас белгілері кӛп
 
сабақтар 
арқылы жҥргізеді. Соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың 
негізгі мазмҧнына, дидактикалық мақсаттарына, ӛткізу тәсілдеріне, 
оқыту процесінің буындарына қарай
 
топтастырады. 


44 
Кӛрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту процесінде 
оның негізгі бӛлімдері,қысқаруы немесе кеңеюі, 6ip немесе 
бірнеше сабақта іске асуы мҥмкін. Осы жағдайлар практикада 
ескеріліп, сабақтар барлық қҧрамды бӛлімдері сақталып немесе 
белгілі 6ip бӛлігі басым болып жҥргізілуі мҥмкін. Оқытуда 
бӛлімдердің ҥйлесуін сабақтың қҧрылымы деп атайды. 
Кейбір топтастыруда сабақты оқытудың қҧрылымдық 
сатысына (жаңа материалды оқыту, аралас, бақылау т.б.), жҥргізу 
әдісі (дәріс-сабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); 
оқушылардың әpeкeтi (жинақтау сабағы, проблемалық); материал 
сипаты (жаңа деректі игеру, жыл санау) басшылыққа алынады. 
Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше 
типке жатқызуға болады. 
Сабақ формалары ҧйымдастырылу сипатына қарай дәстҥрлі 
және дәстҥрлі емес сабақтар болып бӛлінеді. Дәстҥрлі сабақ 
формаларына дәріс, семинар, экскурсия, конфернеция, практикум, 
лабораториялық сабақтар жатса, дәстҥрлі емес сабақтар кӛріністік, 
бағалау, дискуссиялық тҥрлерген бӛлінеді. Кӛріністік сабақтар: 
сырттай саяхат, ассамблея, презентация, аукцион. Бағалаушылық 
типтегі сабақтар: сот сабақ, сьезд, жарыс, турнир. Дискуссиялық 
сабақтар: баспасӛз-конференциясы, дӛңгелек ҥстел, телекӛпір, 
киностудия, киносабақ т.б. . 
Кӛптеген 
дидактиктер 
мен 
әдіскерлер 
сабақтарды 
топтастырғанда оқыту процесінің бӛлімдерін және сабақтағы басты 
оқыту міндетін негізге алады. Соған сәйкес сабақ кipicпe, жаңа 
материалды оқыту, аралас, бақылау, білімді есепке алу және 
тексеру, жинақтау-қайталау сияқты тҥрлерге жіктеледі. 
Мҧғалім сабақ типін таңдағанда оның тақырыпта алатын орны, 
оның міндеттері, жаңа материал мазмҧнындағы ерекшеліктер
педагогикалық ниет, оқушылардың жасы, дағдылар мен 
ептіліктерің ecкepyi тиіс. Сабақ типі мектептегі оқу кҧралдарын, 
мҧғалімнің дайындығы және т.б. себепшарттар ескеріп таңдалады. 
Бір типтегі сабакқтар оны жҥргізу әдісіне қарай бipнeшe 
тҥрге енуі мҥмкін. Мысады, кipicпe сабақты дәpic, саяхат, әңгіме 
тҥpiндe ӛткізуге болады. Тақырып, бӛлiм бойынша сабақ
жҥйесін; айқындауда жаңа материалды игеру, оған дейін игерілген 
білімге сҥйенетіндігін, жаңаны оқып-ҥйренуде бҧрын алған білім 
бекітілетіндігін есте ҧстаған жӛн.


45 
Кіріспе сабақ, оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі 
білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсыньң негіздеріне 
жалпы сипаттама бepyi тиіс. Kipicпe сабақтың мазмҧнында 
оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне кӛмектесетін мақсаттардың 
болғаны дҧрыс. Қажет болған жағдайда мҧғалім бҧл сабақта 
оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.
 
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынадай 
тҥрлерін атауға болады: материалды муғалімнің мазмҧндау сабағы; 
мектеп дәрісі; саяхат сабақ; киносабақ; оқушылардың 
хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа 
материалды игеру сабағьнда оқу әрекетінің бҧл тҥрлері басым 
болып келеді және сабақтың едәуір бӛлігін қамтиды. Ал бекіту, 
қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз кӛлем 
бӛлінеді.Кӛбіне 
мҧндай 
сабақтар 
алдыңғы 
сабақтармен 
байланысты жоқ тақырыптарды оқып ҥйренгенде немесе кҥрделі 
ҧғымдары мен тҥсінікті мол тақырыптарды тҥсіндіргенде 
қолданылады. Жаңа материалды оқуға ӛту кезеңі дидактикалык, 
турғыдан алғанда ӛте маңызды. Мҧғалім жаңаны оқуға оқушылардың 
зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық 
кӛңіл кҥй қалыптастырады. Мҧғалім бҧл кезеңде сабақ тақырыбын 
хабарлап, оньң алдыңғы сабатқпен байланысын атап кӛрсетіп, қажет 
болған жағдайда негізгі ҧғымдар мен тҥсініктерді қайталайды. 
Сосын барып, жаңа материалды оқып ҥйренудің міндеттерін 
белгілеп, танымдық сҧрақтар мен тапсырмалар қояды. Олардың 
арасында ӛзeiктi мәселелік сипаттағы тапсырмалар болуы 
мҥмкін. 
Жаңа материалды оқып ҥйрену


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет