Кіріспе бӛлім. Сабақтағы негізгі қаралатын мәселеге назар аударту, оқушылар орындауға тиісті міндеттерді атап кӛрсету. Алдыңғы сабақпен байланысты еске тҥсіру. Сынып ҥш топшаға бӛлінеді. Олар: баспасӛз тілшілері, Перикл кезіндегі Афины демократиясының дамуын зерттеуші ғалымдар және баспасӛз конференциясының ӛту барысын бақылаушы тәуелсіз сарапшылар.
Баспасӛз конференциясының барысы.
Негізгі міндет. Тілшілер Перикл билігі кезіндегі Афины қоғамы жайында сҧрақтар қоюы керек, зерттеуші-ғалымдар қойылған сҧрақтарға тарихи деректерге, әдебиеттерге сҥйене отырып жауап беруі керек.
Сҧрақтардың ҥлгісі:
1.Афиныдағы халық жиналысы қандай істермен айналысты? 2.Афины мен Ежелгі Египет мемлекетінің басқаруында
қандай айырмашылықтар болды?
Афины мемлекетін ҥлгілі мемлекет деп атауға бола ма?
Перикл кезіндегі Афины мемлекетінің шаруашылығының, мәдениетінің дамуы қҧлдар еңбегі арқылы жҥзеге асты. Осы қҧлдар жағдайы қандай дәрежеде болды?
Перикл кезінде ақша кӛп шығындалған. Ол ақшаны қайдан алған? Т.б.
Тәуелсіз сарапшылар қорытындысы. Тәуелсіз сарапшылар екі жақтың сҧрақ-жауаптарын тыңдай отырып Перикл кезіндегі Афины қоғамының дамуы туралы қорытынды жасауы керек.
Сабақты қорыту, бағалау. Сабақты қорыту кезінде сҧрақ- жауаптың тиімді-тиімсіз тҧстарына тоқталу керек. Белсенді қатысушыларды ерекше атап ӛту керек. Жалпы қорытынды бойынша перикл кезіндегі Афины демократиясының ерекшелігін дәптерге жаздыру керек.
Үй тапсырмасы. 1. Акрополь, форос, эргастерия, демос сӛздерінің анықтамасы бойынша глоссариий жасау.
2. Солон, Клисфен, перикл кезіндегі Афины қоғамының дамуы бойынша салыстырмалы кесте толтыру.