Журасова А. Ш. Тарихты оқыту


Танымдық тапсырмалар тарихи білімді жетілдірудің басты тетігі



бет18/36
Дата07.02.2022
өлшемі339,16 Kb.
#82289
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі

Танымдық тапсырмалар тарихи білімді жетілдірудің басты тетігі


Қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың ӛзгеруіне сай ӛмір сҥруге дайын болып қана қоймай ӛзгертуге де игі ықпал ететін тҧлғаны қалыптастыру. Мҧндай тҧлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар –шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, қҧзыреттілік.


«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» қҧру бізден жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жҥйесін қалыптастыруды талап етіп отыр.
Сондықтан да қазіргі замандағы мектептердің алдында тҧрған басты міндет жан-жақты дамыған, іс-әрекеттерге бейім, қҧзыретті тҧлғаны тәрбиелеу. Соның ішінде жеке тҧлға бойында шығармашылық қабілетті қалыптастырып, творчестволық бастаманы дамыту мәселесі тек ғалым-зерттеушілерді ғана емес мектеп мҧғалімдерін де толғандыратын мәселе.
Қазақстан егемендік алып тәуелсіз мемлекет ретінде ӛмір сҥріп отырған кезеңде оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығын арттырып, оларды отаншылдық сезімге тәрбиелеудің маңызы зор. Осы мақсатта оқушылардың қабылдау, баяндау, таным қабілетін, сабақтағы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға мҧғалімнің шеберлігі ауадай қажет.
Жалпы мектептегі оқушының оқу жҧмысына негізінен мҧғалім оқыту процесін ҧйымдастырушы және жетекшісі ретінде басшылық етеді. Мҧғалімнің осы функциясы сабақ ҥстінде оқушылардың әртҥрлі формада ӛздігінен жҧмыс істей білуінде де маңызды орын алады.
Тарих сабағының тиімді жҥруіне ерекше ықпал ететін маңызды әдістемелік тәсіл – сабақ ҥстінде оқушыларға берілетін танымдық тапсырмалар мен оны орындауға оқушыларды ҧйымдастыру болып табылады. Сабақтағы танымдық қызмет берілген білімді игеру нәтижесін тексеру арқылы анықталады.
Танымдық тапсырмаларды тиімді пайдалана білу оқушылардың ой-ӛрісінің дамуына, ынта-жігерінің қалыптасуына айырықша әсер етеді.
Енді танымдық тапсырмаларды қандай бағытта жҥргізуге болады деген мәселеге келсек, ең алдымен ізденіс бағытында; екіншіден, сипаттау бағытында жҥргізуге болады. Мҧндай бағыттардағы танымдық тапсырмаларды ҧйымдастыруда оқушылардың жеке ойлау қабілеттерін дамыту ҥшін мынадай әдістерді қолдануға болады:

  1. әңгіме;

  2. логикалық тапсырмалар;

  3. шығармашылық жҧмыс және тағы басқалары.

Танымдық тапсырмалар несімен кҥрделі десек, ол ең алдымен танымдық жҧмыстың компонеттеріне байланысты. Ол компоненттер:

  1. оқылатын материалдың мазмҧнының кӛлемі;

  2. материалдың кҥрделілігі;

  3. деректің сипаты мен саны;

  4. логикалық опреациялардың кҥрделілігі мен кӛлемі;

  5. тапсырманы орындау кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды жеңуге оқытушының қатысу деңгейі.

Жалпы мектеп оқушыларына тапсырма ретінде берілетін танымдық жҧмыстың тҥрлеріне тоқталсақ, олар:

  1. шығармашылық жҧмыс, яғни дерек, картина, карта және тағы басқалары бойынша ӛз бетімен әңгіме қҧрастыру немесе шығарма жазу;

  2. белгілі бір тақырып бойынша ӛз бетімен таблицалар, схемалар қҧрау;

  3. ҥй тапсырмасын сҧрау барысында ӛз жолдасының жауабын талдау;

  4. танымдық ойындар жҥргізу, яғни сӛзтізбе, сӛзӛрім, қҧпияхат, суретжҧмбақтарды шешу немесе жауабын табу және тағы басқалары.

Осындай тҥрдегі танымдық тапсырмаларды жоғарыда біз атап кеткен танымдық тапсырмалардың екі бағытында да қолдануға болады. Соның бірінші бағыты – ізденіс бағыты – оқушылардан ҥлкен жауапкершілікті, зерделілікті талап етеді. Ізденіс бағытындағы танымдық тапсырмаларды беруде сынып оқушыларының деңгейін ескерген дҧрыс. Мысалы,
шығармашылық жҧмысты ҧйымдастыру ретінде ізденіс бағытында сынып оқушыларын зерттеушілер, тарихшылар, сол заманда ӛмір сҥрген ғалымдар мен адамдардың рольдеріне бӛліп, оларға белгілі бір тақырып бойынша деректер жинауға алдын ала тапсырма беруге болады. Мҧндай бағыттағы жҧмысты жҥргізуге
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Оғыздардың саяси бірлестігі», «Қыпшақтардың саяси бірлестігі» немесе орта ғасырлардағы дҥние тарихы бойынша «Ежелгі германдықтар» тақырыптарын алуға болады. Оқушыларға берліген рольдер бойынша олардың жинақтаған материалдары негізінде ауызша
«саяхат сабағын» ӛткізуге болады. Осындай бағытпен сабақ ӛткізу арқылы біз бірнеше мәселені шешеміз, яғни біз біріншіден, оқушыларға шығармашылық жҧмыс арқылы танымдық тапсырманы орындатамыз; екіншіден, тапсырма беру арқылы оқушының алдына міндет қоя отырып оны мәселені шешуге және сабаққа қызықтырамыз; ҥшіншіден, сабақты ойын тҥрінде ӛткізе отырып біз дәстҥрлі емес сабақ формасын пайдалану міндетін жҥзеге асырамыз.
Танымдық тапсырмалардың сипаттау бағытындағы тҥрін тарих пәніндегі саяси қайраткерлерге тарихи сипаттама беру тапсырмаларын беру арқылы жҥзеге асыруға болады. Мҧндай тапсырмаларды орындау ҥшін мҧғалім белгілі бір жоспар тҥрінде оқушыларға сҧрақтар әзірлеп береді де, оқушылар сол сҧраққа жауап іздеу арқылы тапсырманы орындайды. Мысалы, бҧл тапсырманы мынадай тҧрғыда алуға болады:

  1. саяси қайраткердің ӛмір сҥрген кезеңі;

  2. сол кезеңдегі мемлекеттің алдындағы міндеті;

  3. мемлекеттегі саяси кҥштердің арасалмағы;

  4. саяси қайраткердің осы міндеттердегі шешудегі іс-әрекеті;

  5. сенің осы қайраткерге кӛзқарасың.

Мҧндай тапсырмаларды беруде саяси қайраткер ретінде Абылайхан, Әбілқайыр, О.Кромвель, О.Бисмарк, Сунь Ят Сен және тағы басқаларын алуға болады.
Келесі бір танымдық тапсырманың тҥрі – шытырман
«басқатырғыш», мҧны тарихи документтерден ҥзінді ретінде немесе белгілі тарихи кезеңде ӛмір сҥрген қайраткерлердің сӛздерінен ҥзінді ретінде және ҥлестірмелік ҥй тапсырмасы беруге болады. Мысалы, Рим тарихы бойынша мынадай тапсырма беруге болады «мына сандарды қазақ тіліндегі 42 әріп
реті бойыншы оқығанда император Константиннің провинциялар туралы указынан ҥзінді шығады»:
«8,5,8,23 3,38,23,8,7,8,18 3,1,24,15,1 1,7,1,17,18,37,19
14,20,16,20,18,37 25,1,3,37,16,1,25,37,18 3,20,16,24,1, 20,18,37

3,27,23,37,18,6,37

12,8,24,38,18,8

15,1,13,25,1,23,37,22 15,1,18,1

15,20,13,17,1,13

14,20,16,20,18

21,11,38,18,7,8 3,20,16,6,1,18

14,28,18,7,8,23,38

28,34,38,18

7,8 10,1,18 3,1,24,37

24,1,16,37,6,37,18

25,21,16,8,26,38

25,12,38,24.»

(Жауабы: «Егер біреуден басқа адамның колоны табылатын болса, оны бҧрынғы иесіне қайтарып қана қоймай колон ӛзінде болған кҥндері ҥшін де жан басы салығын тӛлеуі тиіс»).
Сондай-ақ мектеп оқушыларына берілетін картиналар бойынша салыстырмалы әңгімелер немесе қиял бойынша әңгіме қҧрастыру тапсырмасына келсек оны әртҥрлі формада ӛткізуге болады. Мҧндай әңгімелерді қҧрастыру ҥшін алдын ала тапсырмаға берілетін жағдай ойластырылуы керек. Тапсырмаға берілетін жағдайлар ретінде мысалы, орта ғасыр тарихынан Галлиядағы басқыншылық соғыстарға қатысушы франктің атынан ӛз туған селосына оралғаннан кейінгі ӛмірі туралы, вассал атынан ӛз сеньоры және оның қалай вассал болғаны туралы әңгіме қҧрауды алуға болады. Мҧндай әңгімені интервью тҥрінде де, мысалы, жорықтарға қатысып қартайған франк шаруасы мен жас корлдь жасақшысынан король Хлодвиг туралы интервью алуға болады. Сонымен қатар саяси тарих бойынша бір феодалдық мемлекеттің билеушісінің атынан келесі билеушіге белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша жолдау жазу және оны қажетті жерге қалай апару керектігін ойластыруға тапсырма беруге болады.
Танымдық тапсырма ретінде хронологиялық есептерді де алуға болады. Мысалы оны мынадай тҧрғыда беруге болады:

  1. Оқиға мен оқиғаның арасындағы кезеңнің ҧзақтығын анықтау

№1 карточка
Тапсырма: Шығыс Европаға қарсы 1223 жылғы Калкадағы шайқастан басталған татар-моңғол жорығы қашан қандай оқиғамен аяқталды және қанша жылға созылды?
(Жауабы: 1240 жылы Киевті алумен аяқталды, 7 жылға созылды).

  1. Белгілі бір кезең ішінде қанша ірі оқиға болғанын анықтау

№2 карточка
Тапсырма: 481-800 жылдар арасында Франк мемлекетінде қанша ірі оқиға болды және қандай оқиғалар?
(Жауабы: 5 ірі оқиға болды. 481-511жж. Хлодвигтің билігі, 738ж. – франктердің Галлияны жаулап алуы, 768ж.- Ҧлы Карл билігінің басталуы, 800ж. – Ҧлы Карлдың императорлық титул алуы). Мҧндай тапсырмалар оқушылардан оқығандарын ҥнемі есте қалдырып отыруды талап етеді.
Жалпы тарих сабағында және ҥй тапсырмасына ҥлестірмелік материал ретінде қолданылатын танымдық тапсырмаларды әрбір мҧғалім ӛзінің оқушыларының деңгейіне және ӛзінің кәсіби шеберлігіне қарай жетілдіріп, тҥрлендіріп отырғаны және оның кейбірін ойластыру мен қҧрастыруға оқушылардың ӛзінде қатыстырып отырған тиімді болып табылады. Ӛйткені бҧл бір жағынан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырса, екінші жағынан, оқушының қиялын ӛрбітіп, ізенімпаздығын арттырады.
Тарих сабағындағы танымдық тапсырмаларды ҥнемі сабақта пайдалануға мҥмкіндік бола бермейтіндіктен кейбір ізденушілікті, ой-қиял тереңдігін талап ететін тапсырмаларды ҥй тапсырмасына беріп, сабақтан тыс жҧмыста, факультативтік сабақтарда жинақтап ӛткізуге болады, ал жеке орындалатын тапсырмаларды ҥлестірмелік материал ретінде, шығарма ретінде дәптерлеріне жаздыртып, жазба жҧмысы ретінде тексеруге де болады.
Тарих сабағындағы танымдық тапсырмаларды қолданудың маңыздылығы неде деген мәселені қорытсақ. Ол біріншіден, тарих пәнінің қызықты да, мәнді ӛтуіне кӛмек береді; екіншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімге деген талпынысын сақтауға жағдай жасайды; ҥшіншіден, тарихи материалдың тереңірек игеріліп, ҧзағырақ есте қалуына мҥмкіндік береді; тӛртіншіден, оқушы бойында шығармашылық қабілетті қалыптастырып, ой шеңберін кеңейтеді; бесіншіден, мҧғалімнің әдістемлік тәжірибесін молайтуға, тереңдетуге, кеңейтуге, жинақтауға кӛмектеседі. Сондықтан да танымдық тапсырмаларды тиімді тҥрде пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін принципті тҥрде шешуді жҥзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет