Журасова А. Ш. Тарихты оқыту



бет24/36
Дата07.02.2022
өлшемі339,16 Kb.
#82289
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі

Пікірталастың түрлері. Жҥргізілу тәртібі, ӛзіндік ережелері, қатысушылардың саны да әр тҥрлі болғандықтан, әр деңгейдегі мәселелер тӛңірегінде ӛткізілетін пікірталастардың да іштей бірнеше тҥрге бӛлінуі заңды қҧбылыс. Ғылыми-теориялық, ғылыми кӛпшілік әдебиеттерде оларды болу критерилерінде, пікірталастың тҥрлері де толық бір ізге тҥскен деп айтуға болмайды. Әйтсе де кӛпшілік еңбектердегі негіздемелерге сҥйеніп, пікірталастың мынадай тҥрлері анықталады:
Пікіралмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбӛліс, сӛзталас, айтыс.
Бҧл пікірталас тҥрлерінің ӛзара ортақ белгілері де қатаң сақталуы тиіс ерекшеліктері де бар. Шешенің сӛзталаста тиісті шарттарға бағынуы, ережені қатаң сақтауы оның ішкі мәдениетінің де кӛрсеткіші болып табылады.
Орынды айтылған орнықты сӛзге тоқтауды біліктілік белгісі, арлылықты айғағы деп санаған ата-бабалар ӛз ішіндегі, ру арасындағы да, мемлекет арасындағы да даулы мәселелерді тілмен шешіп отырғаны аян.осындай озық дәстҥрлі дамыту бҥгінгі демократия заманында қайта мҥмкін болып отыр. Ендігі жерде әркімнің ӛмірден алар еншісі ақыл-ой қабілеті мен ӛз идеясының ӛтімділігі дәйектей білер шешендігіне тәуелді болар кезеңге кетіп бара жатқанымыз шындық. Мәселен, келешекте шағын бизнестен бастап, алып компаниялардың ӛзі де ӛмір сҥруі ҥшін ӛзін-ӛзі дәлелдеуге мәжбҥр болады. Әлемдегі іскерлік бәсекелестік ерекше дамыған ел Америка Қҧрама Штаттарында жылына 50 000-ға жуық таласты жиындар ӛтіп тҧрады екен. Онда әр фирма дерлік ӛзінің мәселелерін кӛпшілік алдында талқылап отырады. Сонымен қатар, саяси, қоғамдық ҧйымдардың жиындары да жиі болып жатады.
Сынау – пікірталастың пікірталастың бәріне ортақ тәсіл.
«Сын шын болсын, шын сын болсын» деген қағиданы ҧстана отырып айтылатын сынның кҥші, эмоциялық әсері ӛзгеше. Сын мықты болу ҥшін дәлелдердің молдығы әрі бултартпастай нақтылығы ҥлкен роль атқарады. Жобамен, долбармен айтлған
«сӛз иесін табуы» ғажап емес. Мҧнда фактілердің, сандардың дәлдігі – басты талап.
Әзіл мен мысқыл орайлы ҧштастырылып отырғанда қарсыластың тізесін бҥктіру қиынға соқпайды. әдемі әзіл уытты мысқылды «жуып-шаяды», сонымен қатар шешеннің тапқырлық деңгейін танытады. Бҧл екеуінің де белгілі бір нормаға сай қамтылуын қарастыру қажет. Шешен шығып кетсе, керісінше, сӛз әсерлілігі әлсірейді. Дәл уақытында айтылған әзіл, мысқыл сӛз ғана нысанаға дӛп тиетін ҧмытпаған жӛн. Қарсыластың «ойын жоққа шығаруды» - «шабуылдан» гӛрі «қоғаныс тәсілі» деп атауға тіра келеді.
«Сҧрақпен тӛпелеу» - шабуыл да, қорғаныс та қатар қолданылатын негізгі тәсіл.
«Сҧрақпен тӛпелеу» - шабуыл да, қорғаныс та қатар қолданылатын негізгі тәсіл. Зерттеушіле сҧрақтың бірнеше тҥрін кӛрсетеді: жабық сҧрақ (кҥмәнді сейілту ҥшін), ашық сҧрақ (нақты білу ҥшін), дҧрыс және қате сҧрақтар, жай және кҥрделі сҧрақтар, бҧрмалау сҧрақтары, жаулық ниеттілі сҧрақтар, тілеулес сипаттағы сҧрақтар, кӛкейкесті сҧрақтар т.б. атынана кӛрініп тҧрғандай, бҧлардың барлығы да пікірталастың тҥріне қарай сараланып қолданылады. «Сҧрауына қарай бҧрауы» дегендей, жауап солсҧраққа сай дҧрыс, қысқа да нҧсқа айтылғанда, жеңіске жетеді. Сҧрақ – тек тығырыққа тіреудің қҧралы ғана емес, ол ой ӛрбіте білудің, шешеннің ӛз интелектісін танытудың ең бір қолайлы, қызықты әдісі. Тыңдаушының назарын ӛзіне бҧру ҥшін де шешендер ҥсті-ҥстіне тӛкпелеп риторикалық сҧрақтарды қойып, ӛзіне-ӛзі жауап беруі де қарсыласты ығыстыруда ӛзіндік роль атқарады.
Қарсыласқа «қақпан қҧру» тәсілі.
Бҧл тәсіл мәдениетті, әдеп нормаларына сай болғанда ғана тиімді. Ол ҥшін қарсыластың осал тҧстарын тани алу, майда, жҧмсақ әзілмен ӛз дегенін мойындату шеберлігі қажет. «Қақпан қҧру» қарсыластың жеке басының кемшілігін бадырайтып айту, жасын, білімін, қызметін кӛлденең тарту, сӛзді қасақана бҧра тарту, қателігін бетке басу, балағаттау секілді әдепсіз әрекеттерден аулақ болуы шарт. Қарсыласқа жауап беруде қолданылатын тілдік амалдар:
болғанмен қызықты салыстырулар («айтқан сӛзің адасқан оқтай болды», «сӛзің жебе, садағың осал болды», «сӛзің сҧлу
сарайдай, бірақ жылуы жоқ», «оймен тоқылған сӛздің, мәні қайсы», «ойың терең теңіздей, дәмі кермек» т.б.);
ӛзінің қателескенін білдірмей жуып-шаятын сӛз орамдарын тауып қолдану («менің айтпағым ол емес еді», «нақтырақ айтуға рҧқсат етіңіз», «ойымды дәлірек білдірсем», «сӛзге терең мән берсем» т.б.);
ҧтымды мәтелдерді дҧрыс кірістіру («айдағанымыз бес ешкі, ысқырығымыз жер жарады», «балапанды кҥзге сынайық», «ӛсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер», «қасқырдан қорыққан тоғай араламас», «лай судан балық аулау» т.б.);
сӛздерді ауыс мағынада қолдану («тәтті лебіз», «ҧсақ ой»,
«асау кӛңіл» т.б.).
Бҧлар сӛзге кӛрік беріп қана қоймайды, айтушы жақтың ойын бӛліп, мысын басады.
Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері.
Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, негізінен, пікірталас мәдениеті талаптарымен ҥндес келеді. Себебі, кӛрсетілген талапқа сай біліктер айтыс шартын дҧрыс сақтаудың негізгі кепілі болып саналады. Енді солардың бірнешеуін атап ӛтелік:
сҧрақтың дҧрыс қойылуы;
логикалық заңдардың басшылыққа алынуы; ойды баяндау тәсілдерінің ҧтымды қолданылуы;
ой тығырығына тіреу амалдарын жоспарлап жҥргізу т.б. логикалық қателіктерден бойды аулақ салу.
Қарсыласқа тойтарыс берудің ҧтымды тәсілдері ретінде оның
ойын жоққа шығару, оның тҧжырымдарын сынау, кӛрнекіліктері мен сӛзінің байланысын сынау, «ӛз сӛзімен ӛзін ҧру», «сҧрақпен тӛпелеу» т.б. аталады. Психологиялық қыспаққа алуда әзіл, сынақ, ащы мысқылдың (әрине, қарсыластың жеке басының намысына тимейтіндей етіп алса) атқаратын қызметі ӛзгеше.
Пікірдің ӛтімділігін арттыратын тілдік қҧралдарға орынды кіріктірілген дәлелдемелер, риторикалық фигуралар, қажетті этикаеттік сӛз орамдары жатады. Синонимдердің, тҧрақты тіркестер мен оқшау сӛздердің тиімді қолданылуы, тақырыпқа қатысты халықаралық пәндік терминдердің қажеттікке сай кіріктірілуі, ақ ӛлең ҥлгісімен сӛз саптау, екпін тҥрлерін, кідірісті, сӛз сазын мазмҧнмен ҥйлестіру де пікірдің әсерлілігін арттырады. Пікірталас мәдениетінің талаптары. Бҥгінгі уақыт талабына әр адамның ӛз кӛзқарасын, пікірін қорғай білуін, ӛз
ойын дҧрыс дәлелдей алуын қажет етеді. Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі – сӛз еркіндігінің ӛріс алуы. Бірақ бҧл кім не айтқысы келсе, соны айта берсін деген ҧғымды білдірмейді. Керісінше, ӛзінің айтары бар, жеке ой-пікірлері ҧтымды, қоғамдық кӛзқарасы қалыптасқан адамдарға, топтарға ӛзін танытуға мҥмкіндік беру дегенді мінездейді.
Пікіралмасу – адамның ақыл-ой қабілеті дамуының басты тетігі. Бернард Шру бір-бір алма ҧстап тҧрған екі адам алмаларын алмасса екеуінде де бәрібір бір алмадан қалатынын, ал ӛздік ойы бар екі адам пікір алмасса, екеуінде де екі-екіден ой болатыны, екеуінің де ҧтатыны жӛнінде қызықты салыстыру жасайды[19,58]. Бҧл пікіралмасудың ойды байытудың бір жолы екенін дәлелдейді. Әйтседе, барлық адамның ойы мен кӛзқарасы ҥнемі бір жерден шыға бере ме? Әрине, жоқ. Егер барлық адам бірдей ойлап, бірдей сӛйлесе не болар еді? Ал әр тҥрлі пікірлердің болуы жеке адамдардың, топтардың арасында сӛз қақтығыстарының тууына әкеледі. Мҧндай сӛз майданында тек ақылдылар ғана емес, ойы алымды, сӛзі шалымды шеберлер жеңіс тҧғырына кӛтерілмек. Сондықтан полемикалық шеберлікке ҥйренудің мән маңызы ерекше.
Полемикалық шеберлікті меңгеру арқылы жеке адам қоғамдық маңызы бар мәселелерді жан-жақты талқылауға қатыса алады. Ол ҥшін шешенге ең қажетті іскерліктер: ӛз пікірін дәлелдей алу, пікірінің дҧрыстығына тҥрлі амал-тәсілдер арқылы басқалардың кӛзін жеткізу, сӛзіне сендіру, қарсыласына тойтарыс бере білу.
Пікірталас – белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені, болмаса ғылыми жҧмысты талқылау барысындағы айтыс-тартыс, дау. Пікірталасқа кӛзқарастар кҥресі, жарыс, бәсекелестік тән. Бҧл кҥресте кім білімді, сыпайы, ҧстамды болса, сол жеңеді. Ол ҥшін пікірталасқа қатысатын адамға тӛмендегідей мәселелерді нақты білу шарт.

  1. Ӛзі қатысатын пікірталастың мәнін тҥсіну.

  2. Пікірталастың тҥрін, оның ӛзіндік ерекшелігін нақты білу .

  3. Қажетті полемикалық тәсілдерді меңгеру.

  4. пікірталас тақырыбын анық білу.

  5. Пікірталас мәдениеті талаптарын білу. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар:

  • айтыстың мақсаты (шындықты іздеудің кӛзі, қҧралы; қарсыластың кӛзін жеткізу)

  • айтыстың әлеуметтік мәні (жалпыадамзаттық мҥдде; ҧлттықмҥдде; топтық мҥдде)

  • қатысушылардың саны (монологтық; диалогтық; полилогтық)

  • айтыстың ӛткізілу сипаты (ауызша; баспа сӛздігі) [18,79].

Пікірталасқа қатысушы адамның бойында батылдылық пен сипайылылық, салқынқандылық пен тапқырлық, шешендік пен сӛзге тоқтай білу, т.б. қасиеттер тоғысып жатуы қажет. Сӛз додасына қарай дәл қолдану, терминдердің мәнін дҧрыс тҥсіну, ауыспалы мағынадағы сӛздерді орынды жҧмсай білу, тілдік жағдайға сай сӛз орамдарын мол әрі жарасымды пайдалану, т.б. секілді біліктерді еркін меңгеруі оның жеңіске жету мҥмкіндігін арттырары сӛзсіз. Сондай-ақ, қарсыластың сӛзіндегі негізгі ойдың астарын тез ҧғып, оған жылдам жауап дайындау, шиелініске бастайтын сӛз қақтығысынан жол тауып шыға біл, ӛзінің жіберген қателігіне тез анализ жасап, шҧғыл шешім қабылдау, т.б. іскерліктердің де кӛмегі кӛп.
Сӛзталасқа тҥсер алдында мынадай мәселелерге назар аударған тиімді.
Бҧл мәселе айтысуға тура ма, қажеттігі қандай?
Айтысты ҧйымдастырудағы мақсат не? Қандай міндеттер жҥзеге асырылады?
Қарсыластың деңгейі қандай?
Қарсыластың кӛзқарасы, позициясы қандай? Қарсыластың мықты және осыл тҧстары неде?
Осындай сҧрақтардың жауабы қанағаттанарлық деп
танылғанда ғана пікірталасқа қатысушылар кӛздеген межеден кӛрінбек. Пікірталасқа қатысушылардың ойы мен сӛзінің бірлігінің де жҥзеге асуында бҧл фактілердің ескерілуінің мәні ҥлкен.
Айтыскердің тікелей талап етілетін нәрселері: Тақырыптан ауытқымау;
Ӛзіндік айқын кӛзқарастың, позицияның болуы; Ӛзін-ӛзі дҧрыс ҧстай білуі;
Сӛйлеу шеберлігі; Жоғары мәдениеттілік;
Қарсыласын да, аудиторияны сыйлау;
Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мҥдделік;
Қарсыласына кезек беріп отыру; Регламент сақтау.
Сонымен Пікірталас – ақыл-ойды, тілдік қарым-қатынас
жасау қабілетін жетілдіріп, тҧлға ретінде қалыптасуға әсерін тигізеді. Ғалым Р.Мильруд пікірталастық қатынастың маңызын былай деп ашып кӛрсетеді:
«Дискуссионное общение позволяет формировать у учащихся аналитико – синтетические и логические свойства познавательной деятельности, комуникативные умения констатировать и комментировать факты, аргументировать свои высказывания и контраргументировать в споре».
Пікірталас – бҧл топтық, ҧжымдық ойлау. Оған қатысу, әр тҥрлі, кӛпшілік алдында ӛз пікірін айтып ҥйренуге дағдыланады, мҧқият ойланып, ӛз кӛзқарасын орнықтыруға, мәселені ӛзінше тҥсінуге жетелейді. Мәселен сын тҧрғысынан қарауға, ойлануға итермелейді. Ғалым Л.Панов оқушылардың оқу ҥрдісіне ӛзара қарым-қатынасқа тҥсе отырып ӛздерінің ойын еркін айту арқылы ауызша тілді қатынас беру дағдысын меңгертетіндігін, ал сӛздік қоры тӛмен оқушылардың мҧндай жағдайда сӛз таба алмай қиналатындығын алға тартады. Сондай-ақ, пікірталас ҥстінде студенттердің жинақталған білім қоры, сонымен бірге білім сапасы да айқындалады. Олар пікірталаста алған білімін танытуға, ойлауға және материалды шығармашылықпен игеріп, баға беруге, сын айтуға ҥйренеді.
Мәселені талқылау ӛз кезеңінде оның алған білімін кӛрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, студенттердің ақыл-ойын дамытып, жаңаша ізденуге, жолдастарының, әріптестерінің ӛзіндік басқаша да кӛзқарастарын сыйлауға, әдеп сабыр сақтай білуге тәрбиелейді.
Пікірталасты ӛткізу ҥшін арнайы дидактикалық ережелерді сақтау талап етіледі. Олар: оқытушы мен оқушылардың алда болатын пікірталасқа дайындығы, пікірталас жҥргізушіні сайлау, оның пікірталас барысын басқаруы, жҥргізушінің соңында одан қорытынды шығарып сӛйлеуі т.б. Пікірталасты жҥргізуге кӛпшілікпен топтық әңгіме жҥргізе алатын, қарым-қатынас жасауға қабілетті студент сайланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет