Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің



Pdf көрінісі
бет55/84
Дата21.10.2022
өлшемі11,5 Mb.
#154335
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84
Байланысты:
Журнал 40 оза-2

50
Respýblıkalyq
ǵylymı-pedagogıkalyq,
ádistemelik 
jýrnaly
№40 (
säuır
) 2022 
jyl
 
қабілетінің 
басты 
ерекшеліктеріне 
айналады да, ол қажетті білімдерді 
меңгере бастайды. Бастауыш білім алу 
үрдісінде жасөспірімнің одан әрі білімін 
жетілдіре беруіне негіз салынады. 
Жоғарыдағы 
педагог-психолог 
ғалымдардың 
еңбектерінен 
бастауыш 
мектеп жасында бала зейінінің дамуы, 
ұшқыр да, шапшаң қабылдау, ашық 
ойлау, 
есте 
сақтау 
жолымен 
оқу-
танымдық әрекетті қалыптастыру қажетті 
және маңызды екенін байқауға болады. 
Бұл жерде бірдей жастағы балалардың 
жалпы 
ортақ 
қасиеттері 
туралы 
айтылғанмен, оның өзі оқушыны сенім, 
дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, 
түрткі, қабілет, талғам, көзқарас арқылы 
сипатталатын тұлға екеніне сүйенуден 
шығады. Жеті жастан он жасқа дейінгі 
кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі 
мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі 
бала мектеп оқушысына айналады. Бұл 
бала өз бойында мектеп жасына дейінгі 
балалық шақтың белгілерін оқушының 
ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі 
кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, 
санасында 
күрделі, 
ал 
кейде 
қайшылықты үйлесім түрінде қатар 
жүреді. Қез келген өтпелі күй сияқты бұл 
шақ көзі ашылмаған даму мүкіндіктеріне 
бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап 
отыру маңызды. Адамның кептеген 
психикалық қасиеттерінін негіздері тап 
осы 
бастауыш 
мектеп 
жасында 
калыптасады және әдетке айналады. 
Сондыктан ғалымдардың ерекше назары 
казір 
бастауыш 
класс 
оқушыларын 
дамытудыц 
резервтерін 
анықтауға 
бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану 
балаларды одан арғы оқу және еңбек 
қызметіне неғұрлым табысты дайындауға 
мүмкіндік береді. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық 
органдары мен тканьдарында елеулі 
өзгерістер болады. Мысалы, омыртканың 
барлық мойын, арқа бел бүгілістері 
дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі 
де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен 
ширақты-лығы да осыдан, бул дұрыс 
дене тәрбиесін беру және спорттың 
көптеген түрімен айналысу үшін елеулі 
мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс 
зардаптарға да (дене дамуының қалыпты 
жағдайлары 
болмаса) 
әкеліп 
соғуы 
мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы 
отыратын жихаздар көлемінің сай болуы, 
стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала 
денесінің, оның тұлғасының қалыпты 
дамуының аса маңызды шарты, оның 
кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің 
шарты екендігі осыдан. Бастауыш сынып 
окушыларының 
бұлшық 
еттері 
мен 
сіңірлері жылдам қатаяды, олардың 
көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші 
артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан 
ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар 
салыстырмалы түрде алғанда күшті де 
кең құлашты қимылдар жасауға көбірек 
қабілетті, алайда олар-ға дәлдікті талап 
ететін 
ұсақ 
қимылдарды 
орындау 
қиынырак соғады. Саусақ сүйектерінің 
қатаюы 
тоғыз-он 
бір, 
ал 
білек 
сүйектерінің қатаюы он — он екі жасқа 
қарай аяқталады. Егер осы жайды 
ескерсек, 
онда 
бастауыш 
сынып 
оқушысы неліктен әр кез жазбаша 
тапсырмаларды 
үлкен 
күш 
жұмсап 
орындайтыны түсінікті болады. Оның 
білегі тез талады да, ол өте тез және тым 
ұзақ жаза алмайды. Бастауыш класс 
балаларына, 
әсіресе 
I-II 
сынып 
оқушыларына жазбаша тапсырмаларды 
аса көп беруге болмайды. Балаларда 
ұшырасатын графикалык жағынан нашар 
орындалған тапсырманы көшіріп алу 
тілегі кебінесе нәтижені жақсартпайды. 
Бастауыш сынып окушыларының жүрек 
бұлшык еттері шап-шаң өседі және ол 
қанмен 
жаксы 
камтамасыз 
етіледі, 
сондықтан 
ол 
салыстырмалы 
түрде 
алғанда 
төзімді 
болады. 
Күре 
тамырлардың 
диаметрінің 
үлкендігі 
аркасында ми жеткілікті кан алады, бұл 
оның жұмыска кабілѐтт-і болуының 
маңызды 
шарты 
болып 
табылады. 
Мидың салмағы жеті жастан кейін 
айтарлык-тай артады. Әсіресе, маңдай 
беліктері еспелі олар адамның пси-
хикалық 
іс-әрекетінде 
жоғары 
әрі 
неғұрлым 
күрделі 
функцияларын 
калыптастыруда үлкен роль атқарады. 
Қозу және тежелу процестерінің өзара 
қатынасы 
өзгереді. 
Тежелу 
(ұстамдылықтың 
және 
өзін-өзі 
бақылаудың 
негізі) 
мектеп 
жасьша 
дейінгі балаларға қарағанда неғұрлым 
елеулі бола-ды. Алайда козуға бейім болу 
әлі де аса күшті; бастауыш класс 
оқушыларыньщ 
қолды-аяққа 
тұрмайтындығы осыдан. Саналы да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет