49 Республиканский научно-педагогический, методический журнал №40 (апрель) 2022 год қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш
сынып оқушыларының маңызды тағы бір
ерекшелігі — оларды эмоционалдық
көңіл-күйінің
көтеріңкілігі.
Жарқын
айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм,
оқылған кітап не әңгіме балаларды
баурап алады, олардың жан сарайында
жаңғырық
тудырады.
Бұл
жастағы
балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен
ерекшеленеді, олар ересек адамдардың,
әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына
тез беріледі.
Бастауыш сынып оқушылары әдетте
әр
түрлі
тапсырмаларды
ұқыпты
орындайды, іс үстінде зор табандылық
көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін
қүру, оның орындалу сапасын бақылау,
қол жеткен табыстары үшін балаларды
мадақтап отыру жолымен танымдық
әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.
Баланың өз мінез-құлқына, өз ақыл-ой
әрекетіне ие болуы осы әрекет тәсілдерін
меңгеру үрдісінде өтеді. Сондықтан
мүғалімнің міндеті бастауыш сынып
оқушысына оқу жұмысының неғүрлым
жетілген әдістерімен мұғалімді тыңдай
білу, бақылау, оқулықты оқи білу, мән-
мағына есте сақтау, оқылған нәрсені есте
қалдыру, жатқа білу, есептерді талдап,
шешу, дәптердегі оқу материалына ынта
қою, тағы осылар сияқты әдістерімен
қаруландыру керек.
Танымдық әрекетті қалыптастыруда
баланың биологиялық, физиологиялық
ерекшеліктері маңызды рөл атқарады.
С.Г.Хорошавина мидың үлкен жарты
шарларының
функцияналдық
асеметриясын ескере отырып, адамда
жарты шардың біреуі жұмыс жасайды,
сондықтан
біреулер
дәл
ғылымға,
келесілері бейнелік ойлауға икемді келеді
деген пікірді айтады. З.И.Калмыкова
адамдарды мидың сол жақ жарты шары
дамыған, оң жақ жарты шары дамыған,
екі жарты бірдей дамыған деп бөліп
қарайды.
Медицина, биология, психологияда
және басқа ғылымдарда адам миының
сол жарты жары доминантты балалар
ақпаратты
бір
мәнді
логиканың
заңдарына сәйкес үздіксіз, вербальды
түрде,
жалқыдан
жалпыға
көшу
ұстанымына сәйкес қабылдайды, ал оң
жақ жарты жары доминантты балаларды
ақпаратты
көп
мәнді
логиканың
заңдарына сәйкес жалпыдан жалқыға
көшу ұстанымы бойынша дискретті
қабылдайды.Бұдан, мидың оң жақ жарты
жары доминантты балалар ақпаратты
қабылдау
кезеңінде
оқу
үрдісімен
тұйықталады,
ал
екінші
топтағы
балаларға
оқу
үрдісіне
негізделіп
құрылады. Сондықтан бірінші топтағы
балалар
мектепте
оқу
жылдарында
оқулықтағы материалдың берілу стилі
мен мұғалімнің түсіндіру логикасына
сүйенуіне
тура
келеді.
Бұдан
дидактогендік
тұрғыдағы
проблема
туады:
балалардың
мектептегі
дискомфортты олардың физикалық және
психикалық
денсаулықтарының
төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен,
білім мазмұны мен оқыту жағдайының
бала генотипі ерекшеліктеріне сәйкес
келуіне қамтамасыз ету оқу ақпаратын
қабылдау
сипаттамасын
анықтайды,
оқыту тиімділігін күшейтудің қажетті
жағдайы,
жалпыға
арналған
мектептердегі
валеологиялық
параметрлердің
жақсаруы
болып
табылады.Бастауыш мектептің маңызы
мен қызметі оның үздіксіз білім беру
жүйесіндегі
басқа
буындармен
тек
сабақтас
болуымен
ғана
емес,
ең
алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының
қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін
аса маңызды, құнды, қайталанбайтын
буын екендігімен анықталып негізделеді.
Бастауыш мектептің алдында үнемі
оқу,
жазу,
есептеудің
тиянақты
дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-
қатынас тәжірибесін, қоғам және табиғат
туралы
бастауыш
білім
беру,
шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге
бағдарланған, басқаша айтқанда, баланың
жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке
қабілетін қалыптастыру міндеті тұрады.
Бастауыш
білім
алу
үрдісінде
оқушылар дұрыс, еркін, тез әрі түсінікті
оқуға, өз ойларын ауызша, жазбаша
дұрыс
қорытуға,
мазмұндауға,
арифметикалық
есептер
шығаруға
бауланады,
оларға
табиғат
жөнінде
кейбір
түсініктер
беріледі.
Оқу
барысында балалардың көркем өнерге
деген ынтасы, өнерге деген ықылысы,
сүйіспеншілігі артады, шығармашылық
қабілеті, музыкалық сезімі, эстетиканы
(көркемдікті)
сезіне
білу
қабілеті
дамиды. Баланың ғылыми мәліметтерді
ұғып
алуға
ынталануы,
ойлану
операцияларын
игеруі
оның
ойлау