1.4. Осы курстың мақсаты: Курстың мақсаты
Аға ұрпақтың іс-тәжірибелері негізінде қалыптасқан журналистік шеберліктің негіздерін үйрету. Кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында
студенттерге тәжірибелік тұрғыдан білім беру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, журналистік шығармашылықтың қыр-сырына баулу.
1.5. Курстың негізгі міндеттері: - ақпарат жинаудың әдіс-тәсілдерін;
- тақырыпты дұрыс таңдау;
- шығарманың мазмұнын ашу;
- ақпаратты жедел әрі толық алу;
- қоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру;
- журналистік зерттеуді жүргізе білу;
- шығарманы өңдеу;
- тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық;
- сапалы мәтін жазу;
- журналистік этика мәселелерін меңгереді.