3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
а) Басты мәселе:
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері арқылы баспасөз жанрларының теориялық негізін меңгеру.
ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі:
ақпарат құралдары жұмысындағы өзіндік белгілерін теориялық негізінде игере отырып тәжірибемен ұштастыру;
3.2 Курстың мақсаты: Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды. Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы – сатираның да өз объектісі, өз міндеті, атқарар өзіндік рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары болады. Белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формаларын толықтай түсінуін дамытуға көңіл бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |