Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ
|
Бар
(сағ)
|
Бақылу түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
1
|
3
|
30
|
15
|
-
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
Дәріс сабақтары
|
1.Газет жанрлары.Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды.
|
1
|
1,2
|
2. Ақпараттық жанрлар.
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады [2]. Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім.
|
|
|
3. Заметканың түрлері
Тектес заметкалар. Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында болып жатқан алуан істердің жемістерін шағын жолдармен жеткізеді. Заметканың бұл түрі көбінесе өмірдің жағымды фактілерімен оқушыны көңілдендіріп қуантып отырады. Тектес заметканың өз алдына дербес заголовкасы болмайды, бірнеше жолдық боп, бір атаумен топталып береді.
Дербес заметка. Бұл заметканың өз алдына дербес заголовогы болады. Дербес заметка, тектес заметка сияқты, ортақ заголовокпен берілмейді. Өйткені оның баяндалуы да, көлемі де ол ырыққа көнбейді. Дербес заметка тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан анағұрлым кең болады
|
1
|
1,2,5,6
|
4. Репортаж
Репортаж латынның «rераrtоrе» деген сөзі - хабарлау, баянlау деген мағына береді. Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістері туралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Ондай репортаждардың авторлары - мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері - репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез келген уақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар толық, жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Репортаж жаңа да елеулі оқиғалар туралы жазылып, өмір шындығына сүйенеді. Тіл, стилі нәрлі де тартымды болуы керек.
|
1
|
|
5. Репортаждың түрлері
Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады.
Оқиғалы репортаж. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.
Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорнының күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындары мен фирмалардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады.
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады.
|
2
|
1,2,9
|
6. Интервью
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.
|
1
|
|
7. Сұхбаттың түрлері
Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірш біледі.
Интервьюдің сұрақ-жауап түрі. Инервьюдің бұл түрі сұрақ-жауап түрінде боп келеді. Мұнда сұрақ та, берілген жауап та, кей жағдайда, толық жазылады. Кей жағдайда жауап қысқартылып жарияланады. Енді бірде берілген сұрақ пен жауап та қысқартылып жасалуы мүмкін.
Интервью суреттеме. Интервыодің бұл түрінде журналист өзінің кездесуге келген адамымен қандай жағдаида кездесті, оның көңіл-күйі қандай, міне, осы жайларды суреттеп көрсетеді.
Интервьюдің анкета түрі. Баспасөз органдары қоғамдық мәні бар мәселелерге, немесе, бұқараның назарын аударып отырған мәселелерге нақты жауап алу үшін күні бұрын анкета әзірлеп, оны оқушыларына таратады.
|
1
|
8,9,10
|
8. Есеп (отчет)
газет есебі - конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабар жанрларының бір түрі.
шағын жанры - газет есебінің өзегі болып отырады.
Газет отчетын жазу - творчестволық жұмыс. Ол журналистен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Әрине, мұның барлығы фактіге баға беру, баяндамашы мен сөйлеушілердің сөздерін іріктеу, олардың ой-пікірлерін сараптаудан шықса керек-ті.
Есептің мерзімді баспасөзде жиі қолданылып, көп таралғанымен де, оның санаулы ғана түрлерін атауға болар еді.
|
1
|
1,3,4
|
9. Корреспонденцияның жанрлық ерекшелігі
Корреспонденция газеттің басқа жанрларымен жалпы сырттай ұқсас жақтары көп болғанмен, бұл жанр тек өзіне ғана тән көптеген ерекше белгілерімен де бөлектене, оқшаулана түседі. Корреспонденцияның жанрлық ерекшеліктерін неғұрлым анықтай түсу үшін біз оны хабар жанрының бір түрі - заметкамен салыстырып көрейік. Заметкада хабарлау сарыны күшті болады. Ал корреспонденцняда хабарлау сарынынан гөрі фактіні талдау, оны байыптау, одан бір белгілі қорытынды шығару сарыны күштірек боп келеді. Қорреспонденция оқиғаны, я фактіні хабарлаудан гөрі мәселе көтеруді, кемшілікті көзге түртіп, ал жақсы істі бұқараға жан-жақты таратуды негізгі өзек етеді. Корреспонденцияда фактілер мен құбылыстарға талдау жасалады, ол кең түсіндіріледі, байыптаулар жасалып, келелі қорытындылар беріледі. Корреспонденция қай жерде, қашан және не болды деген сұраққа жауап берумен бірге, неге олай болды, қандай себептерден болды деген де сұрақтарға жауап береді.
|
1
|
4,6,7
| |
Достарыңызбен бөлісу: |