16. Көркем очеркте образ жасау тәсілі
Көркем очеркте де әңгімедегідей шынайы образдар жасалады. «Әдебиет туралы заметкалар» деген мақаласында А. Фадеев былай деген болатын: «Тек әңгімеде, повесте немесе романда ғана емес, очеркте де шынайы характерлер мен олардың қақтығыстарын беруге болатынын еске салғым келеді. Тургенев жазған «Аңшының әңгімелері» очерк екені даусыз, ал осында Тургенев бір топ шаруалардың, оларды қанаушы помещиктердің образын жасаған жоқ па?!
Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік өзгешелігі бар.
Очеркист өмірдің қайнаған ортасында жүріп, өз замандастарының ішінен образ боларлық адам іздейді. Ал бұл адамның өмірі очеркистің творчестволық ойынан шығуға тиіс, әрі заманның нағыз типтік белгілерін білдіруге тиіс.
|