18. Очерк түрлері
Жол-сапар очеркі - очерктің ең көне түрі. Өйткені танымаған, көрмеген жерді көруге, білуге, саяхат сапарына деген құмарлық ешқашан басылған емес. Демек, очерктің бұл түрінің арқауы - саяхат.
Жолсапар очеркінің композициясы саяхат сапарында жинақтаған тарихи, экономикалық, географиялық мағлұматтарына негізделеді.
Бұрын болмаған, көрмеген, танымаған елдің жер-суы, тұрмысы, салт-санасы, мәдениет ескерткіштері, халықтардың өміріндегі тарихи өзгерістер автордың өзіндік талғам, әсері, саяси көзқарасы арқылы баяндалады.
Портрет-очерк. Орыстың реалистік әдебистінде портрет очеркінің игілікті дәстүрі бар. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында «Физиологиялық очерк» деген пайда болды.
Портрет очеркі ең алдымен автордың жеке байқағандары мен көңілге түйгендері негізінде жасалады. Әйтсе де ол өмірбаянды жадағай, сүреңсіз тізіп шығу емес.
Портрет очеркі құр қиялдан тумайды, оның өзегі - өмірдің өзі.
Көркем очеркте замандас тұлғасын шынайы шығару - үлкен өнер.
Достарыңызбен бөлісу: |