«Журналистика» мамандыѓына арналѓан



бет11/26
Дата24.08.2020
өлшемі270 Kb.
#76813
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
732b4c14-874a-11e3-9ea3-f6d299da70eeУМК Газет жанры окытушыга арналган (1)

Оқиғалы очерк - біздің баспасөз бетінен көрнекті орын ала бастады. Өйткені елімізде очерк жазуға лайық әрдайым ғажип окиғалар болып жатады. Рухани талап-талғамы жоғары оқушыларымыз солар туралы тек хабардар болып қана қоймай, сонымен бірге эмоциялық әсер алғысы келеді. Ал журналистер көбінесе осындай оқиғалардың куәгерлері болады да, соны тап оқырман ішінде жүргендей, тартымды әрі қызықты баяндайды:

Публицистикалық очерк - әлеуметтік-саяси құбылыстардан, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Проблемалық очерк үлкен қоғамдық проблема көтереді. Мұндай очеркте өмір шындығына терең көркем-публицистикалық талдау жасалады.


1

1,6,7

19. Эссе

Эссе жанры - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.

Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады.

Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень ("Опыты", 1580-1588 г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады.

Яғни, журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен жазады. Себебі, олар бұл жанрдың тарихынан, мән-мазмұнынан бейхабар.


1

1,9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет