20. Сатиралық жанрлар
Сатиралық жанрларды жеке-жеке сөз етпес бұрын, «жанр» деген не, оның түрлері бір-бірінен қалай ажыратылады деген сұрақ төңірегінде қысқаша тоқталалық.
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Саралап айтқанда, сатира жанрлары бір-бірінен несімен ажыратылады?
Ең алдымен, олар да сынайтын объектісімен ажыратылады. Егер объектіміз көркем туынды, сондағы кемшіліктер болса, жазғанымыз не фельетон-рецензия, не әдеби пародия, не әдеби эпинраммаға жатады.
Сарира жанрлары енді бірде алға қойған нақты міндет, мақсатымен, идеясымен ажыратылады.
«Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» «Сатира - өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрде көрсететін әшкерелеуші әдеби шығарма» деп жазылған.
|
1
|
1,6
|
21. Фельетон
Фельетон деген термин өткен ғасырдың бірінші жартысында баспасөз тәжірибесіне енген. Француздың «Журналь де деба» газеті өзінің шығарған қосымша жеке листоктарын фельетон деп атаған.
Ол – күнделікті тіршілігіміздегі жат мінез, жаман қылықтарды, саясатымызға жапқан жаласын, өтірік-өсегін сынап-мінеп әшкерелеп отыратын сатиралық жанр. Ол әрі халықты тәрбиелеп, жаман әдеттерден жирендіру үшін, сақтандыру үшін жазылады. Неден жиреніп, неден үйренуді үгіттейді. Халықты қырағылыққа, кемшілікке төзбеушілікке үйретеді.
Демек, фельетон – насихаттық, публицистикалық жанр. Оның сөзі – үгіт сөзі, насихат сөзі.
Екіншіден, фельетон жанрының жазылу табиғатында да публицистикалық үн, баяндау сарын көп болады.
Фельетон – таза публицистикалық жанр ғана емес, әрі көркем әдеби жанр. Онда да адамдардың типтері, образы, оқиғаның желісі – басталуы, шиеленісуі, шарықтауы, шешілуі, диалогтар, суреттеулер, шегіністер болады...
|
1
|
1,3,6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |