24. Фельетонның сюжеті, композициясы
Фельетонды қызықты, күлкілі, тартымды жазудың бір тәсілі - фактіге сюжет, композиция беру. Фельетонның сюжеті, композициясы дегеніміз - фактіге берілген сурет, фактінің құрастырылуы, баяндалу желісі, неден басталып, немен аяқталуы, қай жерінде қандай қалтарыс, шегініс, оралыс жасауы. Сюжет пен композиция фактіге, идеяға қарай автордың ойынан, өз қиялынан жасалады.
Фельетондағы образ.
Фельетондағы нағыз көркем шығарма ету үшін, қызықты, әсерлі жазып, тәрбиелік күшін арттыру үшін ондағы кейіпкерлердің бейне-образдары жасалуы шарт.
Сатиралық образ жасауда кейіпкерлердің портретін, түр-түсін, жүріс-тұрысын, дене-мүсінін, қажет болғанда, киімдері мен әдет-дағдысын берудің аса мәні зор.
Диалог құру - өнер. Диалогта кейіпкердің тіл ерекшелігін сақтау үшін көп ізденуге тура келеді. Тақырыпты, фактіні зерттеу кезінде болашақ кейіпкердің тіліне, сөз сөйлесіне зер салып отыру керек.
Фельетонның тілін өткірлеуде енді бірде бейнелеу, әсерлеу құралдары - гипербола, метафора, перифраза, ирония, теңеу, тағы басқалар қолданылады.
|
1
|
25. Памфлет
"Памфлет" деген атау гректің рат (бәрін), phledo (күйдіремін, жандырамын) деген екі сөзінен шыққан. Памфлет те, фельетон сияқты, бүгінгі күннің тақырыптарына, көкейкесті проблемаларына килігеді. Одан да сол кездің күрес тынысы, жаңалық үні, әлеуметтік пафосы есіп тұрады. Ол да халықаралық және ішкі тақырыптарға бірдей жазыла береді. Сөйтсе де, памфлет, фельетонға қарағанда, объектісінің табылуы жағынан да, жазылуы жағынан да қиын да күрделі жанр. Құртып-жою міндет, мақсатынан келіп, памфлеттің әшкерелеу үшін пайдаланар әдіс-тәсіл, құрал-қаруы ерекшеленеді. Памфлеттің жазылмайтын түрі жоқ.
Нағыз памфлетте сатиралық образ жасалуға тиісті.
Памфлетте дәлелдеу тенденциясы басым жатады.
Қазіргі қазақ әдебиеті мен баспасөзінде сатиралық әңгіме мол жарияланып, іргелі, тұрақты жанрлардың біріне айналды.
Сюжет туралы. Беллетристикалық сатираның сюжеті негізінде типтік болмыстар.
|
1
|
3,4,7
|