Мен және менің кәсіби таңдауым.
Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт...» екені даусыз. Қазіргі уақытта жас жеткіншектерге білім берумен қатар олардың мынау өмірге бейімделіп, осынау өмірден өз жолын таба білуіне көмек беру үшін қазіргі заманға сай мамандықтың қажет екені ақиқат.
Менің таңдауым жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып, олардың жан – жақты қыр – сырын ашу.
Білім алушылардың өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, алдарында ғажап бір әлемнің есігі ашылып, ашық та жарқын күндер күтетініне сендірсем деген үміт мені жетелеп осы мамандыққа бейімдеді.
Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ десек, олардың еш алаңсыз жеке тұлға болып қалыптасуы үшін менің де өзіндік қолтаңбам болса деймін.
Ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін ғажап мамандығым арқылы жабырқаған көңілге қуаныш сыйлап, олардың жүрек түкпірінде жатқан бүкпесіз сырларын тыңдап, болашағына сеніммен қарауға жетелегім келеді.Балалардың қуанышын сыр ғып шертіп, мұңдарымен бөлісер пірі болу- менің мамандығыма деген сүйіспеншілікпен қарауымның куәсі.
Тегінде мұғалім болу мен ұстаз болудың айырмашылығы жер мен көктей екенін бүгінгілер түсіне ме екен? Мүғалім сабақ береді, пән үйретеді. Ұстаз өнеге береді, үлгі үйретеді, мұғалімдікке оқуға болатын шығар. Мұғалімнен ұстазға айналатын санаттылар бар. Шын мәнінде нағыз ұстаз Ұстаз болып туады.
Мұхаммед ( с.ғ.с) Пайғамбарымыздың қасиетті хадисінде « Кімде - кім өз ісін және өзі мен Алла тағаланың арасындағы қатынасты Алланың қалауына сай етсе, онда Алла тағала оның халық пен ара - қатынсын да, оның ризашылығына сәйкестендіреді. Кімде - кім өзінің ісінде әділдік пен шеберлік танытса, Алла оның істерінің бәрін дұрыс етеді»
Ел үшін, ұрпақ үшін құрдай жорғалап, құлдай қызмет етсін деп бойыма табиғи дарын құйып жаратқандай.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: « Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтық шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүректе мәңгі ұстаз болып қалады.Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жәй ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен – өзі айқын.Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:
- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
- Қызметке бейімділігі
- Кәсіптік білімі мен біліктілігі
- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
- Ұйымдастырушылық қабілет
- Заманға сай жаңашылдық
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді!
Достарыңызбен бөлісу: |