10 «Б» сынып
Қазақ тілі сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Табиғаты ғажап Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының сұлу, ғажап табиғаты жайлы жан-жақты ақпарат беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты өтілетін сөздерді күнделікті өмірде қолдана алуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйіп аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: табиғат туралы бейнефильм, кеспе карталар,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіңдер ме? Психологиялық тренинг: «Тілек гүлі» (Шеңбер құрып, бір-біріне гүл шоғын ұсынып, жақсы тілектер айту )
II. Үй жұмысын тексеру
Өздерің білетіндей үй тапсырмасы алдын ала берілген. «Қорғалжың» және «Барсакелмес» қорықтары жайлы толық ақпарат жинап, презентация дайындап келуге тиіс едіңдер. Үй жұмысы орындалды ма? Дайынсыңдар ма? Қай жұп бірінші болып бастайды?
III. Жаңа сабақ. (БАҒАЛАУ ЖАЙЛЫ АЙТУ)
Сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға сұрақ қою.
Бүгінгі өтіетін тақырыбыз жайлы білу үшін мына бейнероликті тамашалайық.(видео)
Біз қандай елде тұрамыз?
Қазақстан туралы не білеміз? (Тәуелсіздікке 25 жыл)
Қазақстан табиғаты туралы не білесің?
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Бейнефильм еліміздің табиғаты туралы. Жарайсыңдар! Сабағымыздың тақырыбы «Табиғаты ғажап Қазақстан»
Дәптерге ай-күнін, тақырыпты жазу
Мәтін мазмұнын дұрыс түсіну үшін біз мына таныс емес сөздердің мағынасын ашайық. Ол үшін аудиожазбаны тыңдайық.
Берілген сөздерді оқып беру, қайталату. Оқушылар, бұл жаңа сөздердің мағынасын түсіндіңдер ме?
Сөздікпен жұмыс
табиғи қазба байлықтар - природные ископаемые
шың - пик, вершина
сүтқоректі - млекопитающие
жануар түрлері - виды животных
қамқорлығында - в попечении
нұрлы болашаққа - в светлое будущее
самғау - возноситься
Мәтінмен жұмыс.
Қане балалар, бүгінгі тақырыпты түсіну үшін мәтінді оқып шығайық. (өздік жұмыс)
Ал, оқып болсақ мәтіннің мағынасын аша түсу үшін мен сендерге жұптық жұмыс беремін. Бұл қима қағаздарда мәтін бойынша 6 сұрақ берілген. 3 сұраққа І жұп, қалған 3 сұраққа ІІ жұп жауап дайындайды. Оқушылар кезекпен жауап береді. Бүгінгі сабағымыз география пәнімен байланысты болғандықтан картамен жұмыс жасайық. Картадан қазба байлықтарды, аң-құстарды көрсетіңдер.
Жақсы, бұл тапсырманы да орындап шықтыңдар. Жарайсыңдар! Қазақстан табиғаты жайлы жақсы біле түсу үшін келесі тапсырманы орындайық.
Сәйкестендіру тесті.
Мұнда мәтінде берілген сөйлемдер араластырылып беріледі. Оқушылар мәтінге сүйене отырып сөйлемдердің жалғасын тауып, өз орнына жапсырады.
Сергіту сәті
Қазақстанымыздың сұлу табиғатында серуендеп жүрміз деп елестетесіңдер. Музыка қойылып, оқушылар ойға шомады.
Демалып алғаннан кейін мәтін мазмұнын бекіте түсу үшін келесі тапсырманы орындайық. Бәріміз бір партаға жиналып топтық жұмыс жасайық. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындайық. Алдарыңдағы плакатты сұрақтардың жауабын жазу арқылы толтырамыз. Жарайды жақсы жұмыс жасадыңдар.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге бүгінгі күнді жазамыз. 6-тапсырманы орындаймыз. Ендеше бұл жерде біз күрделі сөздің ережесін және оның түрлерін еске түсірейік. Жақсы. 2 оқушы тақтаға шығады, 2 оқушы дәптерге орындайды.
Оқушылардан өздері тұратын жеріндегі әсем табиғатты жерлері туралы сұрау. Бурабай суретін көрсету. «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Жеке батыр» таулары туралы аңыздарды сұрау.
Табиғатты қорғандар. Оқушылар «Қызыл кітап» деген не?
Табиғат – халық қазынасы. Біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз керек. 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Бұл кітапты «Қызыл кітап» дейді. Оның қызыл, сары түсті парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады.Сендер табиғатты қалай қорғау үшін не істейсіңдер? Табиғат-Ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану - әр адамның парызы.
- Бір ағаш кессең, он ағаш ек!
- Орман –тоғайды, бақтарды күл-қоқыстан тазалаймыз. Өрттен қорғаймыз.
- Аң-құсты рұқсатсыз атуға тыйым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
7. Тест тапсырмасы
Олай болса мәтін мазмұнын бекіте түсу үшін сұрақтар қоямын.
Қазақстандағы ең биік шың
А) Найзатас В) Хан Тәңірі С) Оқжетпес
2. Қазақстанның жер қойнауында қазба байлықтың неше түрі бар?
А) 100 В) 98 С) 90
3. Сүтқоректілердің неше түрі бар?
А) 124 В) 158 С) 130
4. Құс түрлері нешеу?
А) 400 В) 485 С) 350
5. Дәрі жасайтын өсімдіктің неше түрі бар?
А) 150 В) 98 С) 190
8. Топтастыру
Сонымен, балалар, «Табиғаты ғажап Қазақстан» сөзін топтастырайық.
Сабақтың қорытындысын шығару:
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді сурет арқылы көрсетіңдер.
Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, 156-157- бет, 9- тапсырма
Бағалау: оқушылардың білімін бағалау
Бағалау парақтарды жинау
Донской орта мектебі
Ашық сабақ
«Табиғаты ғажап Қазақстан»
10 «Б» сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Бердиял Айсәуле
Достарыңызбен бөлісу: |