Ауған асуында от кешкендер
Осындай тақырыппен С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінде кездесу кеші өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Сәлім Махмудов келді. Кездесуді жүргізген директордың тәрбиесі жөніндегі орынбасары Н.Жұмалиева ардагерге қош келдіңіз айтып, Ауған соғысының қасіретін тілге тиек ете келе, ауылдасымыз,аталмыш майданның ардагері В.Григорьев жайлы да айта өтті. В.Григорьевтің ғұмырнамасын 10 «б» сынып Ә.Сейілханова слайд арқылы көпшілікке таныстырды. Алғаш болып мінберге көтерілген ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р.Қабиев жиылғандарға тарих қойнауынан сыр шертіп, есті құлаққа есерлі сөз айтты. Ардагер ұстаз, «Аға мұғалім» атағының иегері Н.Шолтыров С.Махмудовқа қош келдіңізін айтып, ойын былайша сабақтады.
-1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Келесі кезекте оқушылар кеш қонағына сұрақтарын жолдап,тұшымды жауаптар ала алды. АӘД пәнінің мұғалімі А.Масалимов оқушыларға қанды соғыстың азабын мысалдар арқылы жеткізіп, С.Махмудовқа алғысын білдірді. Кездесу соңында мектеп оқушылары Ауған соғысы жайында өлеңдер оқып, М.Хайырбеков әнмен шашу шашты. Ұлдар ұйымының төрағасы Ұ.Иманғалиев оқушылар атынан ардагерге жылы лебізін білдіріп, «Ұрпаққа манат» атты өлеңін оқыды. Шара соңында Н.Жұмалиева кеш қонағына мектеп атынан ризашылық білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Ұлан Өтешқалиұлы,С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.
Сурет автордікі.
Жылулық жанның жұмағы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі бойынша 15.01-15.02 аралығында ұйымдастырылатын «Қамқорлық акциясы» болып өтті.
Мектеп бойынша 1-4 сыныптардан 150 оқушы, 5-11 сыныптардан аз қамтылған 25, тұл жетім 1 оқушы, барлығы 176 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Сафон, Амангелді елді мекендерінен келіп оқитын 21 оқушыға көлік тасымалы ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыға, даму мүмкіндігі шектеулі 1 оқушыға, тұл жетім 1 оқушыға, жалпы саны 7 оқушыға 30000 теңге көлемінде мектеп мұғалімдерінің, Бірлік ауылынан Елемесов Өтешқали отбасы және жеке кәсіпкер Кубашев Алмастың демеушілігімен қысқы және спорттық киімдермен, спорттық костьюмдер мен аяқ киімдермен көмектер көрсетілді.
Осы негізде «Қуан сәби» мерекелік қорытынды кеші өткізілді. Оған мұрындық болып жүрген мектеп психологы С.Бақтығалиеваның да еңбегі ерек. Кешке ауыл әкімі, ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы, клуб, кітапхана меңгерушілері, мектеп директоры, мектеп мұғалімдері қатысты. Мектеп директоры Р.Сапаров көмек көрсеткені үшін мектеп ұжымына,Ө.Елемесовтер отбасына, жеке кәсіпкер А.Кубашевқа алғысын білдірді.
Аталмыш акция бойынша осындай жұмыстар атқарылуда және алдағы уақытта жалғасын табады.
Ұ.Иманғалиев, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өз өмірің өз қолыңда...
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер негізінде «Синий кит», «Тихий дом» атты қауіпті ойындар таралып жатқандығы жан түршігерлік хабар болды. Жасөспірімдердің суицидтке баруына душар ететін бұл ойынның қауіпті екендігін түсіндіру негізінде және оқушылардың ол ойынды ойнамауын алдын-алу мақсатында С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінде ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен «Өз өмірің өз қолыңда» атты жиын болып өтті. Жиынға 8-11 сынып оқушылары қатысып, түсінік берілді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Таңатар Екпінұлы өз сөзінде: «Синий кит» ойыны- өзіңе қауіп туғызатын ойын. Елдің ертеңі сіздер сондықтан мынадай қажетсіз, қауіпті зиянды ойындардан аулақ болыңдар,-деді. Сонымен қатар, Т.Харесов түрлі мысалдар арқылы есті құлаққа есерлі ой өрбітті.
Аталмыш ұйымның төрағасы Ұ.Иманғалиевта тұшымды пікір айтып, оқушыларға жақсылыққа үндеді. 11 сынып оқушылары Ж.Қайырболатов, М.Өтепбергенов және 9 сынып оқушысы А.Ерғазиевтер өз замандастарына «аяғы ажал құштыратын» ойынды ойнамауға кеңес етіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Н.Жұмалиева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
Достарыңызбен бөлісу: |