Семинар мазмұны: Микрофон және оны меңгеру тәсілдері.
Микрофонның аса сезімтал құрал екендігі.
Бақылау сұрақтары: Қазіргі заманғы микрофондар және оларға арналған тіреулер.
Микрофондарды басқарудың 3 тәртібі.
Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Қазіргі заманғы микрофон және оны меңгеру тәсілдерінің журналистика тарихындағы орны.
2. Микрофондар - акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тоғына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.