Жусупова Аксауле Жаксылыковна География. №27 сабақ



Дата22.04.2020
өлшемі64,04 Kb.
#64155
түріСабақ
Байланысты:
Австралия


Жусупова Аксауле Жаксылыковна

География. №27 сабақ

15.04.2020

Тақырыбы:Австралияның экономикалық-географиялық жағдайы.

Тапсырма:конспект жазу

Географиясы

Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк.

Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.

Климаты




Аустралияның климат картасы Кеппен жіктелуі бойынша. белдеулері:

     Экваториалды      Тропикалы      Субтропикалы

     Шөлді      Шөлейт      Қоңыржай

Аустралия жерлері көбіне тропиктік (18-30° оңтүстік ендік), солтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 30° оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.

Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/сm³; сондықтан Аустралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Аустралия түгелімен дерлік 20-28° С жазғы және 12-20° қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Аустралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы - қаңтар мен қыстың ең суық айы - шілде температурасының айырмашылығы шамалы.

Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40° С-тан жорғары болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолютті максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолютті минимумы -4°, -6° С-қа дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Аустралия Альпісінде болады.

Аустралияның жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді.

Аутсралияның жерінің 38 %-нда жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан, Аустралияда ұзаққа созылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтан солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашынның мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Аустралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243 мм-дей). Үлкен Суайырық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері құрт азайып, батыс жағалауда 250 мм шамасында ғана болады.

Экономикасы

Аустралия индустриялы-аграрлы ел.АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған.Пайдалы қазбаларға бай.Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі.Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған.Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полигр., ағаш кесу және жиһаз өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан.Аустралия шаруашылығының маңызды саласы - қой шаруашылығы.Ол Аустралия шаруашылығының 60-70%-ін құрайды.А.ш. дақылдарынан бидай, арпа және сұлы өсіріледі.Жер көлемінің 90%-ін жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр.А-ның ұлттық табыс көлемі 228,1 млрд.Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді(1995 ж.).Экспортқа жылына 65 млн долларлық өнім шығарылып, 12 млн долларлық импорттық өнім әкелінеді.А-ның дүн. жүзі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі - 1,1%.
Гидрология, табиғаты

Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.


Үйге тапсырма: «Австралиядағы бір күнім» эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет