51
протондары көбінесе 5,96-7,16 м. д. аймақта үшпротонды мультиплет түрінде жазылады.
5,7,3',4',5'-пентаоксифлаван-3-олда симметриялы орналасқан Н-2' және Н-6' сутегі
атомдарының сигналдары δ 6,57-6,60 м. д. кезіндегі екіпротонды синглет түрінде
резонацияланады.
Барлық фенолдық топтардың метилденуі ароматты протондар сигналдарының
айқын парамагнитті жылжуын индуциялайды: Н-6 (∆δ + 0,2 м.д.), Н-8 (∆δ + 0,1 м. д.), Н-5'
(∆δ + 0,1 м. д.) және Н-6' (∆δ + 0,15 м. д.). Гетеросақина протондарының әлсіреу өрісінде
С-3 гидроксилді тобының қосымша ацилденуі ∆δ + 0,6 м.д. (Н-2) және ∆δ +1,3 м. д. (Н-3)
ығысуын тудырады. Флаван-3-олдардың барлық гидроксилді топтарының ацетилденуі
барлық протондар сигналдарының парамагнитті жылжуына әкеледі. Ацетилді топтар саны
бойынша фенолды және спиртті гидроксиготоптардың санын есептеуге болады. С-3
алифаттық ацетилді тобы, әдетте, δ 1,86-1,93 м. д. кезінде күшті өрісте резонансқа
ұшырайды.
Флаван-3-олдарды 2,3-цис сияқты 2,3-транс-конфигурацияда галлоилдеу барлық
протондар сигналдарының парамагнитті ауысуын индукциялайды.
Достарыңызбен бөлісу: